12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БАЛА БАҚЫТЫ ӨЗ ОТАНЫНАН БАСТАЛАДЫ

Қазақстан – балалар құқық субъектісі ретінде танылатын Балалар құқықтары туралы конвенцияны мойындаған 190 елдің бірі. Елімізде бұл құжат тәуелсіздік алғаннан кейін үш жылдан соң яғни, 1994 жылдың 8 маусымында мақұлданды. Міне, осы сәттен бастап Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің тұтас бір жүйесі құрыла бастады. Елімізде 2016 жылдан бастап қоғамдық негізде жұмыс істейтін бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты бар. Балалар омбудсмені жұмыс істеуде. Бүгінде балалар құқы мен мүддесін қорғайтын 45 заңнамалық құжат бар екен. Тек былтырғы жылдың өзінде балаларға жасалатын қылмысқа қарсы күресу үшін Қылмыстық кодекске арнайы толықтырулар енгізілді. Балаларға қарсы қылмысты азайту мақсатында мектептерде күзет күшейтіліп, бейне-камералар қойыла бастады. Мектеп полицейінің саны артты. Бұл шаралар қаншалықты тиімді болмақ? Оны ешкім тап болжап та айта алмайды.

Балалар құқы деген ұғымды қазақ қоғамының қабылдауы қиын. Рас балажан халықпыз. Мұны атамыз қазақтың «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер», «Артыңда пұл қалғанша ұл қалсын», «Бала бауыр етің» деген даналық сөздерінен көреміз. Алайда, балалардың өз қалауы бар екенін, олардың өз дауысы, пікірі бар екенін ескермейміз. «Әке тұрып, ұл сөйлегеннен, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деп түйіп қойғанбыз. Мұны әдептілік, үлкенге құрмет деген қағида ретінде шегелейміз. Бала кезінен осындай ескертуді естіп өскеннен болар біздің балалар жалтақ болып, әсіресе, ауылда өскендердің өзге ұлт балаларының алдында есесі кетіп жататын сәті аз емес. Жалпы бала құқына келгенде қазақы түсінігіміз өз сипатын көрсетпей қалмайды. Бұл мәселенің бір жағы.
Екінші жағы балалардың қорғансыздығы. Бүгінгі ақпараттық ашықтық заманы бұл проблеманы ашық көрсете бастады. Балалар бүгінде қоғамның ең осал тобы болып отыр. Отбасындағы келеңсіздіктегі алдымен зардап шегетін де бала, еркінен тыс ауыр жұмысқа жегілетін де бала, жыныстық сипаттағы зорлыққа ұшырайтын да бала, қоқысқа керексіз болып тасталатын да, сатылатын да бала… Деректерге сүйенсек, тек былтырғы жылдың өзінде балаларға қарсы екі мыңға жуық қылмыс жасалыпты. Олардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы бойынша, еліміз әлемде үшінші орында тұр. «Арқа жылы болса, арқар ауып несі бар» дегендей, балалардың мұндай қадамға еркеліктен бармайтыны белгілі. Бала ең қиыны өзін қорғауға тиіс үлкендер тарапынан, оның ішінде өз ата-анасынан зардап шегуде. Бүгінде әлеуметтік желілерден баласын өлімші етіп сабап, кей жағдайда ажал құштырған әкесі немесе шешесі, оларды зорлаған жақын-жуығы жайлы ақпараттан көз тұнады. Бұлардың алдын алу үшін бір қарағанда атқарылып жатқан шара аз емес сияқты. Жалпы мамандардың айтуынша ешбір елде балалар құқығына қатысты мәселе толықтай шешілмеген. Тіпті демократиясы мен экономикасы мықты дамыған елдердің өзінде балаға қарсы қылмысқа тосқауыл қойылмай отыр. Демек, біз заңмен баланы толық қорғай алмаймыз. Биылғы карантин көп баланың лагерьге барсақ деген арманының да жолын кесті. Амал не, балалар мерекесі күні осындай көңілсіз әңгіме айтуға мәжбүрміз. «Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын» деген Ахмет Байтұсыновтың сөзі бүгін өте ерекше мәнге ие. Шындығында, қоғамнан қағажу көріп, арманы жүзеге аспаған балалардың көбі болашағын өзге елмен байланыстыратын болды. Ең қорқыныштысы да осы. Ауруын жасырған өледі. Бала болашақ – деген жай ұран емес, шындық. Осыны жете ұғынып балалар кешіп жатқан бүгінгі күйдің ақиқатын мойындап, сындарлы әрекет жасау керек. Ол жалпы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруден басталады.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ
«Заң газеті»

БІРЛІК пен ЖАСАМПАЗДЫҚ – ЕЛ БАҒДАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заң бойынша еліміздегі 9 мемлекеттік мерекенің бірі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Биыл ол елімізде 28-рет аталып өтіледі.

Әнші Қайрат Нұртасты сахнадан балағат сөздер айтқаны үшін жауапқа тартты

Полицейлер қазақстандық әнші Қайрат Нұртасты сахнадан балағат сөздер айтқаны үшін жауапқа тартты.

ІІМ экс-басшысы Тұрғымбаев не үшін ұсталды?

Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді әлі де тергеп жатыр.

Мамырда елімізде қандай өзгерістер болады?

Мамырда қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс пен жаңалық күтіп тұр.

Тұрғымбаевтың ұсталуы: Бас прокуратура мән-жайды айтты

Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді әлі де тергеп жатыр.