12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Байден Ресей Украинаға шабуыл жасайтын күнді атады — БАҚ

АҚШ президенті Джо Байден 11 ақпанда Батыс елдерінің басшыларымен, Еуропалық одақ пен НАТО-мен бейнеконференцияда Ресей Украинаға «басып кіретін күн» 16 ақпан екенін айтты. Бұл туралы Politico газетіне ақпарат көздері айтқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Басылым «америкалық шенеуніктерге» сілтеме жасап «Ресей 16 ақпанда Украинаға физикалық шабуылын бастайтынын» хабарлады… «Вашингтон да одақтастарына бұған зымыран шабуылдары мен кибершабуылдар себеп болуы мүмкін екенін айтты». Бұл мәлімдемелердің дәлелі жарияланымда көрсетілмейді.

Сондай-ақ, Байденнің кейбір серігі қақтығыс ушығатыны сөзсіз деген америкалық барлау мәліметтеріне күмәнмен қарағаны да хабарланды. 

«Еуропалықтар картинаны басқаша көріп тұрғанын айтты. Ұлыбританиялық шенеунік 16 ақпан туралы «бізде басқаша ақпарат бар» деді. Еуропалық Одақтың екі дипломаты бұған одан да күмәнмен қарады. Біреуі «олар әлі де мұндайдан бас тартады» деді», — делінген басылымда.

Der Spiegel мәліметі бойынша, CIA (Орталық барлау басқармасы) мен АҚШ әскери күштері НАТО елдеріне Ресейдің Украинаға басып кіруі мүмкін екені туралы хабарады. Аталған күн сол — 16 ақпан.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей кез келген уақытта Украинаға басып кіруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Осыған ұқсас мәлімдемені АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан да жасаған. Ол америкалық барлау мәліметтері бойынша, Ресей шабуылды әуеден бастап, қақтығыс кезінде Киевке басып кіруі мүмкін екенін айтқан.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...