12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Байбек қызметтен кетті

Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook-парақшасында жарияланған жазбада, Байбек өткен аптада Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып бірауыздан сайланғанын айтты.

«Елбасы айтқандай, «біздің еліміз жаһандық трансформация, күрделі және жауапты шешімдер дәуіріне қадам басты. Олардың табысты болуы саяси ерік-жігерге, айқын мақсаттарға және ең бастысы, халықтың қолдауына байланысты болады. Барлық қажетті ресурстарға ие Nur Otan партиясы Мемлекет басшысының бағытын іске асыруда сенімді көмекші болуға тиіс«.

Съезде ел Президенті, Nur Otan партиясының жаңадан сайланған төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев партияны реформалау, жұмыстың әдістері мен мазмұнын жаңарту, партиялық бақылауды күшейту, қоғамдық қабылдаулардың тиімділігін арттыру, кадрлық әлеуетті нығайту, сондай-ақ жаңа формациядағы адамдарды тарту жөнінде нақты міндеттер қойды», — деді Байбек.

Оның айтуынша, ел Президенті белгілеген жүйелі реформаларға кең ауқымды қоғамдық-саяси қолдауды қамтамасыз ету үшін бүгінде Nur Otan-да қажеттінің бәрі, яғни адамдар, тәжірибе, ресурстар және инфрақұрылым бар.

«Nur Otan алдына жаңа көзқарастар мен тәсілдерді талап ететін мүлде жаңа міндеттер қойылды. Сондықтан мен партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа атқарып отырған қызметімнен босату туралы тиісті өтініш бердім. Бүгін менің өтінішім қанағаттандырылды», — деді ол.

Байбек мемлекеттік және партиялық қызметте 20 жылдан астам еңбек еткенін: екі рет, жалпы алғанда 6 жылға жуық — Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары, 3 жылға жуық — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымдарында, 4 жыл Алматы қаласының әкімі болып жұмыс істегенін айтты.

«Қандай қызмет атқарсам да, қай салаға жауапты болсам да, мен әрқашан Отанымыздың Тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда ішкі саяси тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуге, ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға өзімнің үлесімді қосуға тырыстым. Өз жұмысымда ашықтық және жауапкершілік қағидаларын басшылыққа алдым. Ар-намыс, сөзге беріктік және іске адалдық деген ұғымдар мен үшін әрқашан бірінші орында болды», — деп жазды Байбек.

Сондай-ақ, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

«Барлық жұмыстарды атқаруда маған зор сенім білдіргені үшін Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен алғыс білдіргім келеді. Мемлекет басшысы, Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа осы жылдары жан-жақты қолдау көрсеткені үшін шынайы алғыс айтамын.

Партия аппаратының қызметкерлеріне, сондай-ақ орталықтағы және жергілікті жерлердегі барлық партия мүшелеріне ерекше алғыс білдіремін. Олар — жауапкершілікті өз мойнына алудан қорықпайтын іскер жандар, Қазақстанның болашағы үшін күн сайын қажырлы еңбек ететін нағыз патриоттар. Сіздермен бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды!» — деді ол.

Байбек сөзін қорытындылай келе, ел үшін тағдыршешті кезеңде әрбір азамат Мемлекет басшысының айналасына топтасып, оны қолдауға тиіс екенін айтты.

«Сөз соңында айтарым, еліміз үшін осы тағдыршешті кезеңде әрбір азамат өзінің көзқарасы мен сеніміне қарамастан Мемлекет басшысының айналасына топтасып, Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі мен біздің балаларымыздың лайықты болашағы үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар бағытын қолдауы тиіс деп санаймын! Nur Otan бұл жұмысқа өз үлесін қоса алатынына кәміл сенемін. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!», — деп қорытындылады ол.

Президент Тоқаев Байбекке алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Сондай-ақ, отандық спортты дамытуға сіңірген елеулі еңбегі үшін Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Әуе және теміржол билеттері қымбаттай ма?

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Үкіметте өткен баспасөз брифингінде ел ішіндегі негізгі бағыттар бойынша рейстер саны артатынын мәлімдеді.

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, сыртқы қарыздың 65%-ы доллармен көрсетілген. Қаржы министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы 8,7 триллион теңгені құрады, ал жалпы мемлекеттік қарыз 35,5 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 23,6%-ын құрады.

Белые халаты – не мишень 

В КАЗАХСТАНЕ ГОТОВИТСЯ УЖЕСТОЧЕНИЕ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА В ОТНОШЕНИИ АГРЕССИИ ПРОТИВ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ. МАЖИЛИС ГОТОВИТ ПОПРАВКИ В УГОЛОВНЫЙ КОДЕКС ПОСЛЕ РОСТА ЧИСЛА НАПАДЕНИЙ: ЗА ЛЕГКИЙ ВРЕД ЗДОРОВЬЮ ИЛИ ПОБОИ МЕДРАБОТНИКА АГРЕССОРУ МОЖЕТ ГРОЗИТЬ ДО ТРЕХ ЛЕТ ЛИШЕНИЯ СВОБОДЫ.

Жарық, жылу, су: 2026 коммуналдық тарифтер қандай болады

2025 жылдың қорытындысы бойынша коммуналдық қызмет тарифтері еліміз бойынша орта есеппен 10,99%-ға өсті. Бұл ел экономикасына әжептеуір серпін береді.