Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министрі) болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымның сайтындағы мәлімет бойынша, Сағынтаевты ЕЭК Алқасының мүшесі етіп тағайындау туралы шешім 23 мамырда Мәскеуде шығарылған болатын. Ол Руслан Бекетаевтың орнына келді. Сағынтаев Бекетаевты тағайындау кезінде белгіленген өкілеттіктің қалған мерзіміне тағайындалды.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі қызметінен 2022 жылдың қаңтарында «басқа қызметке ауысуына байланысты» босатылған болатын. Ол 2019 жылдың 28 маусымынан Алматы қаласын басқарды.  

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.