spot_img
spot_img

Бақытты болашақтың кілті – балада

1 маусым – балаларды қорғау күні ретінде 1950 жылдан бері халықаралық дәрежеде аталып өтіледі. БҰҰ балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды әлем халықтарының басты бағыттарының бірі есебінде көрсетеді. Қазақстан да бұл игілікті бастамадан шет қалмай, болашақ ұрпақтың денсау­лығын, өмірін, білім алуын, тәрбиесін алдыңғы орынға шығарған. Дәл осы күні әр баланың бақытты өмір сүруге қақысы бар екені, бейбіт аспан астында зорлық-зомбылықсыз күн кешуге құқылы екені күллі әлемде ересектердің аузымен сан мәрте айтылады. Алайда, барлық кезеңдерде заңмен кепілдендірілген қағидаттар сақтала ма?

БҰҰ-ның сауалнамасы бойынша бүгінгі таңда әлемнің әрбір оныншы баласы үлкендер тарапынан қысым көріп, зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Соңғы деректер әлем бойынша өмірі қатерге толы балалар санының да артқанын көрсеткен. Аштық, соғыс қатері мен қасіреті, мектептердегі қысым, терактілік шабуылдар – бұл балалардың күнделікті өмірде, бейбіт заманда, дамыған қоғамда көріп отырған қысас­тығының бір парасы ғана. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық, есірткіге, ішімдікке, ойынға тәуелділік, балалар арасындағы кезбелік, қайыр сұрау – бүгінгі заман қасіреттерінің қатарын көбейтті. 1 маусым – балаларды қорғау күні ғана емес, олардың бақытты ғұмырын қалыптастыруға арналған кешенді жұмыстардың қабылдануы тиіс күн. Бүгінге дейін қордаланған көп мәселенің жүзеге асатын да күні. Дәл осы күні ересектер өз мойнына артылған жүктің қаншалықты ауыр екендігін сезінетін күн.
Әр мемлекет бәсекеге қабілетті ел­ге айналғысы келеді. Алайда, ондай құндылық жастарының жасампаздығы мен жаңашыл идеясы, салауатты да әділет сүйгіш сауатты тұлғасы арқылы сараланатыны көп ретте естен шығады. Қазақстанда кешеуілдеген өзге салалар секілді балаларға қатысты көп мәселенің де кежегесі әлі кері тартып тұр. Тәуелсіздіктің отыз жылында болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптас­тыру жолында қандай елеулі істер жасалды? Айтып ауыз толтырарлық шаруалар атқарылды ма? Әлеуметтік желі мен интернет арқылы балаларға жасалатын қиянаттың неше түріне күн сайын куә болып жүрміз. Балабақшадан басталатын қысым мектептегі мұғалім мен оқушының төбелесімен жалғасуда. Соңғы жылдардағы онлайндық формат, пандемия кезеңінде оқушыға берілетін міндетті академиялық білімді ғана құлдыратқан жоқ, ол сонымен қоса рухани саланы, ұлттық тәрбиені де тоқыратты. Білім берудің қасаң тартқан кеңестік тәсілінен ажырай алмай отыр­ған салаға жаңа реформалар қажеттігін уақыт көрсетті.
Балалардың атаулы мерекесі тұсында айтылуы тиіс тағы бір мәселе – мектеп бітіруші түлектерді шығарып салу кештеріне қатысты. Соңғы бір аптаның өзінде мектеп бітіруші түлектердің жол көлік апаттарына ұшырап жатқан бірнеше видео, ақпараттары жария болды. Бір ғана Маңғыстау облысы бойынша көрсетілген статистикаға жүгінсек, 119 хаттама толтырылып, 89 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты, 35 автокөлік айып тұрағына қойылған. Көлік басқару құқығы жоқ 16 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жеті мектеп бітіруші отыр­ған жеңіл автокөлік аударылып, екі бала оқиға орнында көз жұмса, екі бала ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Жамбыл облысы мен Алматы облыстарында да мектеп бітіруші түлектердің көлік шеруін жасап, заңсыз көлік жүргізгені анықталған. Балаларды осындай қауіптен алдын ала сақтандыру – мектеп құзырында.Тікелей міндеті болмаса да арнайы бұйрық пен қатаң тыйым, алдын ала ескертулер арқылы мектеп басшылығы мұндай келеңсіздіктерді тоқтата алар еді. Өкінішке қарай, салиқалы сөзге дес бермей, алаөкпе боп ақша жинайтын ата-аналар, оларға су бүркіп, тасадан сығалайтын сынып жетекшілері мен мектеп басшылары, көрмей-білмей қалатын департамент, министрлік өкілдері осындай бақытсыз­дықтардан сабақ алса дейсіз?! Бұған заңдық тыйым болмаса, алдағы уақытта балалардың қандай келеңсіздіктерге ұшырайтыны тағы белгісіз. Балаларды қорғау күні бір сәттік шара ғана емес, ауқымды, кешенді бағдарламаларға айналуы тиіс. Және ол бағдарламалар санға емес, сапаға құралғанда ғана нәтиже болады.

Баланың басына төнген бақытсыздық бәрімізге ортақ. Сол себепті де «балалардың өміріндегі алғашқы қуаныш, оны шерулетіп ресторандарда тойламасақ болмайды» – деген тоғышарлық көңілден арылу қажет. Әлем өзгеріп, ғарыштық жылдамдықпен жаңашылдыққа бет алып бара жатқанда, қазіргі жастар білімге, өнерге, жақсылыққа, игілікке ұмтылса дейміз.

Ж.Құдайберген

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.

Қазақстанда кімдер ең көп табыс табатыны белгілі болды

Қазақстанда қараша айында ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар анықталды. Бас құрылысшылар, өндірістік учаске басшылары және авиациялық диспетчерлер ең жоғары табыс табатын мамандар қатарында.

Президент Ашхабад қаласына барды

Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

Ел аумағына сырттан тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынды

Жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.

2026 жылғы мерекелер: қазақстандықтар қанша күн демалады?

2026 жылы қазақстандықтар қалай демалатын болды? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік және ауыстырылған демалыс күндері көрсетілген өндірістік күнтізбені жариялады.