12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БӘСІ ЖОҒАРЫНЫҢ БАҒАСЫ БИІК

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың дербес саяси ұйымы, яғни партиясы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Әділет министрі Қанат Мусин депутаттар сауалына жауап беру барысында мәлімдеді. Жиында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобалары қаралған болатын. Заң жобаларын қорғаған Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, мақсат – биліктің өкілді тармағында әйелдердің және жастардың, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың да қатысуын қамтамасыз ету және пікірін ескеру, оларды мемлекеттің тыныс-тіршілігіне белсенді жұмысқа тарту.

Мусин мырзаның айтуынша, ұсынылып отырған заң жобалары әр түрлі алаңдарда қаралды. Жалпы алғанда, бұл түзетулер әйелдердің, жастардың ерекше қажеттілігі бар адамдардың еліміздің заң шығару органына мүмкіндігін кеңейту үшін маңызды қадам. Депутаттар министр ойының дұрыстығына, жалпы енгізіліп отырған түзетулердің қажеттігіне күмән келтірмеді. Олар негізінен бұл шараның қалай жүзеге асатындығына алаңдаушылық білдірді. Мәселен, депутат Жанарбек Әшімжан конституциялық заңға енгізіліп отырған өзгерісте Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сатысында партиялық тізімді бекіту бойынша көрсетілген талаптың белгіленбеу себебін сұрады. Саяси партиялар туралы заңға жасалып отырған түзетулер бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар депутаттыққа кандидатты ұсыну сатысында тіркелмек. Неліктен аталған санаттағы азаматтар бойынша партиялық тізімдегі 30 пайыз туралы талап тек кандидаттарды тіркелу сатысында көрініс тапқан? Депутат осыны білгісі келді. Мусин мырзаның бұған берген жауабынан ұққанымыз кандидаттарды ұсыну – депутаттыққа кандидаттардың тізімін анықтайтын кезең. Бұған ең алдымен саяси партиялардың өздері мүдделі. Сондықтан саяси партиялар туралы заңға өзгерістер енгізу ұсынылды. Депутаттыққа кандидаттарды тіркеу бұл сайлау процесінің бір кезеңі. Бұл кандидаттың ресми мәртебесін растау болып табылады. Осы тіркеу кезеңінде партиялық тізімде сандық пропорциялардың сақталуы тексеріледі. Себебі, кандидаттарды ұсыну сайлаудан тыс процесс. Заңның талабы бойынша отыз пайыздық квота партиялық тізімде болу керек. Онда бұл көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін. Бірақ депутаттыққа кандидаттарды тіркеу кезінде отыз пайыздық квота қатаң сақталу керек. Депутаттар партиялардың бұл тиісті квота деңгейінің сақталмау мүмкіндігін де назардан тыс қалдырмады. Бұл мәселені олардың арасынан Қайнар Абасов көтеріп, осындай жағдайда партиялардың жауапкершілігінің қаралу қажеттігін атап көрсетті. Бірақ Мусин мырзаның айтуынша, тұтастай алғанда квотаны бөлу партияның өзінің дербес шешетін шаруасы болмақ. Мемлекет бұл үрдіске араласпайды. Яғни, мұндай жауапкершілік заң жобасында жоқ екен.

Ал, депутат Сәлімжан Нақпаев іс жүзінде Парламентке өткен саяси партия мандаттарын бөлу кезінде бірқатар обьективті себептерге байланысты ерекше қабілетті адамдар болмай қалғанда немесе олардың кейін бұл құрамнан шығатын жағдайында партиялық тізімнің құрылымы бұзылу мүмкіндігін еске салды. Министр бұл ретте саяси партиялар партиялардың тізімінде міндетті квота бойынша кандидаттардың жеткілікті санын қамтамасыз етуге дайын болуы керектігін атап көрсетті. Депутат Аманжан Жамалов партиялық тізімге қосылған квота иелерінің кандидаттардың жалпы санының 30 пайызын қамту керектігі әр түрлі тәпсірленіп, орындалуы мүмкін екендігін айтып, әр топ бойынша нақты пайыздарды көрсетіп белгілеудің тәртібін сұрады. Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеде осындай талап бекітілген. Бұл мәселеге орай квотаны бөлу тек саяси партияның құзырындағы іс болатыны белгілі болды. Тұтастай алғанда үш топ үшін бірыңғай квота белгіленеді. Әрбір саяси партия бекітілген тізімге сай оны дербес түрде бөлетін болады. Бұл ретте олар өздерінің саяси мақсаттарын және сайлаушылар алдындағы міндеттерін негізге алады. Десе де, квоталардың пропорционалдығы сақталу керек. Осы ретте Жамалов жалпы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өз құқықтарын мұндай тар шеңберде емес, жеке партиясын құрып немесе олардың құқын қорғайтын арнаулы осындай ұйымның құрылуы қажет болар деген ойын жеткізіп, олардың бұған қаншалықты дайындығы жайлы сауал қойған еді. Осы мәселені депутат Генадий Шиповских та көтерді. Мусин мырза бұл тұрғыда арнайы зерттеулер жүргізілгенін, құзырлы мекемелер, үкіметтік емес ұйымдардың мұндай ұйымның құрылу қажеттігі және оған дайындықтың жеткілікті екендігі жайлы пікірде екендігін, сондықтан алдағы уақытта елімізде мүгедектердің жеке саяси ұйымы пайда болу мүмкіндігін мәлімдеді. Заң жобаларын талқылау барысында мәслихатқа сайлау кезінде мүгедектігі бар адамдардың тыс қалу себебі де сұралды. Бұған мардымды жауап ести алмадық. Заң жобалары тұтастай мақұлданып, Парламент Сенатына жіберілді.

Самат НҰРТАЗА, саясаттанушы:

– Меніңше, әр партия депутаттардың бес пайызы мүгедек, бес пайызы әйел болу керек деген сияқты бір шеңберге тыға салып, тек есеп үшін жұмыс істеу дұрыс емес. Өйткені, нақты адамдардың қажеттілігі үшін емес, популизм яғни, арзан бедел үшін осындай қадамдарға баратындар бар. Партияның мүшесі мүгедек болмауы мүмкін. Бірақ ол ұйым балалар үйіне, қарттар үйіне көмектессе, азаматтардың осы санатының мұң-мұқтажын шешуге ықпал етсе сол пайдалы деп есептеймін. Сондықтан партияларды мұндай шектеулерге салмай, олардың халықтың нақты мұң-мұқтажына назар аударып, жұршылықты толғантқан мәселелерді шешумен айналысуын талап ету керек. Ең бастысы Парламентке кім болса да, азаматтардың қай категориясы болса да идеялы, іскер, мәселені көруге, шешу жолын ұсынуға қабілетті жандар өту керек. Қайткенде Парламент құрамына екі мүгедек өту керек деген сияқты талап демократияға қайшы қағида. Бізде негізі азаматтардың арнайы категориясының құқын қорғайтын үкіметтік емес ұйымдар жұмысы күшті болуы керек. Мысалы Ұлыбританияда мүгедектердің құқын қорғайтын арнайы қор бар. Бұл құрылым көліктерде, қоғамдық қызмет орындарда мүгедектердің құқы бұзылса, олардың құқына қол сұғылса, тұрмыс деңгейі, қызметі барысында қиындық туса Парламентке хат жазады. Парламент осы мәселелерге араласып, қажет болса заңнамалық тұрғыда шешімдер қабылдайды. Сондықтан Парламентке мүгедек жандарды отырғызып қою оңай. Бірақ мұнымен олардың мұң-мұқтажы өтеле ме? Әңгіме осында.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Елімізде қанша ұшақ 25 жылдан ұзақ пайдаланылған?

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жолаушы тасымалдайтын қанша ұшақтың мерзімі 20 жылдан көп екенін айтты.

Елімізде қыста мопедпен жүруге болады ма?

Қазақстан нарығында мопедтерге арналған арнайы қысқы шиналар жоқ. Бұл мопедтердің негізінен ыстық елдерде жиі қолданылуымен байланысты, сол себепті мұндай өнімге қажеттілік жоқ.

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай отшашу жоспарланып жатыр ма? 

Бұл сұраққа қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жауап берді.

Тағы бір елде TikTok бұғатталады

Албанияда келер жылдан бастап TikTok қолданылмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына...

Алматыдағы атыстың мән-жайы айтылды

Алматыда Наурызбай ауданында 20 желтоқсанда болған атыстың мән-жайы айтылды.