Бүгін Ұлытау төрінде Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

Кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды.

Бүгін Ұлытау облысы Ұлытау ауданында Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Араға ширек ғасыр салып облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді. Кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына құрамы жағынан одан да ауқымды Ұлттық құрылтай институты құрылатыны ең алғаш ресми түрде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыздағы халыққа Жолдауында айтылған болатын. Кейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында бұл институт жалпыұлттық диалогтің әмбебап моделіне айналатынын айтып, құрамына кімдер кіретінін атаған еді. Ұлттық құрылтайдың қайтадан құрылымдалған Ұлытау өңірінде өтетіні 6 маусымда белгілі болған.

Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар. Солардың бір парасын атасақ, ақын Мұхтар Шаханов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, академик Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев, саясаткер Әлихан Бәйменов, журналист, медиа-менеджер, қоғам қайраткері Ермұрат Бәпи, Парламенттің бірнеше шақырылымының депутаты Нұртай Сабильянов, балуан Дәулет Тұрлыханов, ғалым-биотехнолог Күнсұлу Закария, дінтанушы Қайрат Жолдыбай, ғалым Анар Фазылжанова сияқты есімдер бар.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жазбасына сүйенсек, құрылтай жұмысына қатысушылар ауыстырылып отыруы мүмкін. Оның айтуынша, Ұлттық құрылтайдың жұмысы оның құрамына кірген 117 адамның ұсыныс-пікірімен шектеліп қламайды. Ол үшін арнаулы онлайн-платформа әзірленген көрінеді. Яғни, азаматтар осы платформа арқылы Ұлттық құрылтай хатшылығына ұсыныс жіберуге мүмкіндік алмақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.