Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, дегенмен шаңды дауыл соғады. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні — секундына 9-14 метр, кейде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні — секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні — секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.

Ақтауда көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, екпіні — 9-14 метр, түнде екпіні — секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 11-13 градус жылы.

Ақтөбеде бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні — секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 5-7 градус жылы.

Атырауда көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Солтүстіктен соғатын жел екпіні — секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 9-11 градус жылы.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 7-12 метр, күндіз екпіні — секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 23-25 градус жылы.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні — түнде 3-8 метр, күндіз екпіні — секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 21-23 градус жылы.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні — 9-14 метр, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 21-23 градус жылы.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні — 9-14 метр, кейде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 22-24 градус жылы.

Қостанайда бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр, кейде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады, екпіні — секундына 15-20 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 12-14 градус жылы.

Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні — секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 32-34 градус жылы.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні — секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус жылы.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні — 15-20 метр, түнде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 16-18 градус жылы.

Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні түнде 3-8, күндіз екпіні секундына 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 23-25 градус жылы.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні — 5-10 метр, күндіз екпіні секундына 14 метр болады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 25-27 градус жылы.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні — секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 25-27 градус жылы.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні — секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.

Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні — секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 1-3 градус, күндіз 10-12 градус жылы.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 1-6 метрге, күндіз екпіні секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 22-24 градус жылы.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.