Бүгін «Ұмай» басталады: Кім баспанаға өтініш бере алады? 

«Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама бойынша өтінім қабылдау бүгін, 31 тамызда басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бағдарлама әйелдерге тұрғын үйді төмендетілген бастапқы жарнамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте басқа жылжымайтын мүліктің болуы шектеу болып саналмайды. Сондай-ақ тұрғын үйді тіркелген мекенжайына қарамастан Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға болады.

Несиелеуге қажетті қаражатты Азия даму банкі ұсынады. Қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы 9 млрд теңге көлеміндегі қаражат «Отбасы банкке» аударылған.

Кімдер несие ала алады?

Бағдарламаға қатысу үшін қарыз алушының соңғы алты айдағы ресми табысы болуы қажет. Отбасының орташа айлық таза табысы 1,25 млн теңгеден аспауы тиіс.

Несие бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,8% болады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 16,3%-дан 16,8%-ға дейін.

Несиенің ең жоғары сомасы – 50 млн теңге.

Бастапқы жарна тұрғын үй сатып алынатын қалаға байланысты белгіленеді. Астана мен Алматыда оның мөлшері тұрғын үй құнының кемінде 20%-ын, ал Қазақстанның басқа қалаларында кемінде 15%-ын құрайды.

Бұл ретте несие сомасы тұрғын үйдің сатып алу бағасы мен бағалау құнының қайсысы төмен болса, сол сома негізінде есептеледі.

Мысалы, Алматыда пәтер 32 млн теңгеге сатылып, оның бағалау құны 30 млн теңге болса, банк несие сомасын 30 млн теңге негізінде есептейді. Бұл жағдайда несие мөлшері бағалау құнының 80%-ын, яғни 24 млн теңгені құрайды. Қалған соманы қарыз алушы сатушыға өз қаражаты есебінен төлейді.

Қандай тұрғын үйді сатып алуға болады?

«Ұмай» бағдарламасы бойынша:

  • пайдалануға дайын бастапқы нарықтағы тұрғын үйді;
  • Қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігі бар немесе сақтандыру тетігі қолданылған құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйді;
  • 2016 жылдан бастап салынған екінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алуға болады.

Сатып алынған тұрғын үй әйелдің атына рәсімделеді. Егер қарыз алушы некеде болса, баспана ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі ретінде рәсімделеді.

Сонымен қатар несие рәсімдеу кезінде қоса қарыз алушыларды тартуға мүмкіндік бар.

Өтінімді «Бейнеқызмет көрсету» арқылы қашықтан беруге болады. Сондай-ақ «Баспана маркет» интернет-платформасындағы жеке кабинет арқылы өтінім беруге немесе құжаттарды банк бөлімшелеріне тапсыруға болады.

Жөндеуге 15 млн теңгеге дейін несие беріледі

«Ұмай» бағдарламасы аясында қарыз алушы өзі тұрып жатқан тұрғын үйді жөндеуге 15 млн теңгеге дейін бөлек несие ала алады.

Банк салымшы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің барлық талаптарын орындағанға дейін алдын ала қарыз береді. Ай сайынғы төлем екі бөліктен тұрады:

  • есептелген сыйақыны өтеу;
  • тұрғын үй жинақ шотын толықтыру.

Депозитте несие сомасының 50%-ы жинақталғаннан кейін, қарыз алушы жылдық 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй заемына ауыса алады. Бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,1%-дан 6,9%-ға дейін болады.

Жинақ шотында қажетті қаражаттың болуы тұрғын үй заемына мерзімінен бұрын ауысуға, сондай-ақ ай сайынғы төлем мен несие бойынша жалпы артық төлемді азайтуға мүмкіндік береді.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.