Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 6 медаль түсті

Вьетнамда грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия чемпионаты басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні қазақ балуандары 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Исхар Құрбаев (60 келі), Бағдат Сабаз (67 келі) және Ақжан Ықыласов (77 келі) жарыс жеңімпазы атанып, алтын медаль еншіледі. 

Юсуф Мациев (97 келі) пен Дхожар Узаров (130 келі) күміс медальды қанағат тұтты. Диас Қалтай (82 келі) қола жүлдені қоржынға салды.

Бүгін Ерасыл Мамырбеков (55 келі), Оңдасын Хамитов (63 келі) және Мақсат Сайлау (87 келі) боз кілемге көтеріледі.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.