Ажырасу бойынша Алматы көш бастап тұр

Қазақстанда жаңа отбасылар саны азайып барады. 2026 жылдың бірінші тоқсанында ел бойынша 21,6 мың неке тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9 пайызға аз. Finprom.kz мәліметінше, бұл – соңғы 20 жылдағы ең төмен көрсеткіш.

Бес жылда неке саны күрт төмендеген

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2021 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда 32,3 мың неке қиылған. Бұл көрсеткіш кейінгі жылдардағы ең жоғары деңгей саналған еді. Алайда содан бері некеге тұрушылар саны жыл сайын азайып келеді.

Нәтижесінде елдегі некелесу коэффициенті де төмендеген. Егер 2021 жылдың бірінші тоқсанында әр мың адамға шаққанда 6,9 неке тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 4,25-ке дейін түскен.

Ажырасу көбейіп жатыр

Неке саны азайған тұста ажырасу көрсеткіші керісінше өсіп жатыр. 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 11,2 мың жұп ажырасқан. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 10,2 мың болған.

Бұл соңғы жеті жылдағы ең жоғары деңгей ретінде тіркелді. Ажырасу коэффициенті де айтарлықтай өскен. 2021 жылы әр мың адамға шаққанда 0,98 ажырасу болса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 2,2-ге жеткен.

Қалада да, ауылда да неке азайды

Некелердің басым бөлігі бұрынғыдай қалаларда көп. Биылғы бірінші тоқсанда қалаларда 14,5 мың неке қиылса, ауылдық жерлерде 7,1 мың неке тіркелген.

Алайда төмендеу екі жерде де байқалады. Қалаларда неке саны бір жылда 1,4 пайызға азайса, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 8,8 пайызға дейін жеткен.

Ең көп неке Алматыда, Түркістан облысында және Астанада

Өңірлер арасында ең көп неке Алматы қаласы мен Түркістан облысында қиылған. Әр өңірде шамамен 2,3 мың неке қиылған. Астанада бұл көрсеткіш 2,1 мың болған.

Ал ең төмен нәтиже Ұлытау облысында байқалды. Мұнда небәрі 241 неке тіркелген. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында – 531, Батыс Қазақстан облысында 562 неке рәсімделген.

Жалпы ел бойынша төмендеу байқалғанымен, Қарағанды және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында неке санының өсуі тіркелген.

Ажырасу бойынша Алматы көш бастап тұр

Ажырасулар саны бойынша Алматы қаласы бірінші орында тұр. Мұнда алғашқы тоқсанда 1,2 мың ажырасу тіркелген. Астанада бұл көрсеткіш 1,1 мың болса, Қарағанды облысында 848 жағдай тіркелген.

Ең төмен көрсеткіштер Ұлытау (165), Батыс Қазақстан (348) және Абай (379) облыстарында байқалған.

Отбасылық қатынастардағы өзгеріс байқалады

Статистика Қазақстанда неке санының азайып, ажырасудың көбейіп жатқанын көрсетеді. Соның салдарынан некелесу мен ажырасу көрсеткіштері арасындағы айырмашылық біртіндеп қысқарып келеді.

Сарапшылар мұны қазақстандықтардың отбасын құруға деген көзқарасының өзгеруімен және отбасылық қатынастардағы жаңа үрдістердің қалыптасуымен байланыстырады.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.