ҚАЖ қызметкері қайырымдылық жасады

Қайырымдылықтың үлкен кішісі болмайды. Қан тапсырып та қайырымдылық жасауға болады. Міне, осындай қарапайым әрекетімен өзгеге өмір сыйлаған жандардың бірі, ҚАЖ қызметкері.

ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы РжКБ-нің қызметкері Асылханов Сабыржан Асылханұлы мекеменің № 1 бақылап өткізу пунктінде бақылаушы болып жұмыс атқарады. Таңертеңнен кешке дейін тікесінен тік тұрып, ішке келіп-кететін азаматтарға тінту жұмыстарын жүргізеді.

Яғни, бекеттегі өзінен бөлек екі бақылаушымен бірге, ішке алып өтуге тыйым салатын заттардың өтіп кетпеуін бақылайды. Жұмысында қырандай қырағы, сауысқандай сақ бұл әділет сержанты, енді қан тапсырып, қайырымдылық жасауымен де ерекшеленді.

Мен сол күні қызметте болатынмын. Мекеменің тұрақты доноры, жасақ бастығы Ниязов Нұрсұлтанның ұялы телефонына II – қан тобындағы донор керек деген хабарлама келген екен. Қан тобым сәйкес болғандықтан, қалыс қала алмадым. Отбасымда мұқтаж жанға қол үшін созу сауапты іс деген қағидатты құлаққа сіңіріп өскендіктен бе, Қызылорда облыстық көпсалалы медициналық орталығында өлім мен өмірдің арасында жатқан науқас әйелдің денсаулығына бей-жай қарамадым. Жарты сағатта қан тапсырып, донор болып келдім, — дейді, әділет сержанты С.Асылханов.

Жалпы, «Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту, сыйлау» деген мағынаны білдіреді екен. Сондай-ақ, донорлық — әрбір азамат үшін салауатты өмір сүру салтының, мейірімділік, қайырымдылық танытудың белгісі.

Олай болса, жұмысының қауырттығына қарамастан, қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлаған ҚАЖ қызметкерінің бұл іс-әрекеті оның үлкен адамгешілік иесі екендігін танытты.

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...