АЗАМАТТЫҚТЫ ТАНЫТАТЫН СӘТ ТУДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті. Аталған облыстардың әкімдері Президентке өңірлердегі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Аймақ басшыларының айтуынша, жалпы жағдай жіті бақылауда, табиғи апатпен күресу үшін адам күші де, техника да жеткілікті. Президенттің тапсырмасымен Республикалық штабқа жетекшілік ететін Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет мүшелері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың керек-жарағын шешу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма беріп, бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ. Жалпы, өңір басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек. Президент жүктеген тапсырмаға орай әр аймақ апаттың салдарын жою жұмысына жұртшылықты жұмылдыруда. Мәселен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 20-ға жуық кәсіпорын облыс орталығында су тасқынын жоюға көмек көрсеткенін айтып, апатты ауыздықтауда өңір кәсіпкерлерге арқа сүйейтінін алға тартты. «Өздеріңіз білетіндей, еріген су ағынының ұлғаюына байланысты Қылшақты өзені жағадан асты. Оның айналасында бірталай тұрғын үй, әлеуметтік нысандар орналасқан. Апаттың алдын алуда көпшіліктің бірлігі аса маңызды. Сондықтан осындай жауапты сәтте халыққа жәрдем беру ісінен шет қалмай, азаматтық ұстанымды, елге деген жанашырлықты көрсететін кез келді. Бұл бәріміз үшін ортақ міндет, осы ретте ел қиындығынан табыс тауып, бизнес жасамауды сұраймын», – деді М.Ахметжанов. Сондай-ақ, өңір басшысы биыл Қылшақты өзенінің арнасын тереңдету және жағалауын нығайту бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланғанын атап өтті. Бұл су тасқынының қайталану қаупін азайтады. «Табиғи апаттарды болжау мүмкін емес. Үйлерге су кіргізбеу үшін Сүлейменов көшесінен Ғабдуллин көшесіне дейінгі жағалау сызығын нығайтатын боламыз. Жұмыс екі ауысымда жүргізіледі», – деді «Қазавтожол» ЖШС директорының орынбасары Өмірбеков Арман. Бүгінгі таңда облыста су тасқынына қарсы іс-шараларға 1300-ден астам адам, 322 бірлік техника жұмылдырылған.

Майра ТОҚАНОВА, «Заң газеті» АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.