Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» президенті қызметінен кеткенін растады

Желіде Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» киностудиясының президенті қызметінен кетеді деген ақпарат тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бастапқыда киностудия баспасөз қызметі бұл ақпаратты жалған деп, жоққа шығарды. Мәдениет және ақпарат министрлігі де соны қайталады.

«ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалдының қызметінен босатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды», — деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл туралы кейін продюсер Еркебұлан Күрішбаев өзінің Telegram-каналында хабарлады.

«Азамат Сатыбалдының «Қазақфильм» президенті қызметінен кетуі мен үшін шок болды (…) «Қазақфильмдегі» қызметім осымен соңына жеткен сияқты», — деп жазды ол.

Күрішбаев Tengri Life тілшісіне берген сұхбатында Сатыбалдының орнына кім келетінін әзірше білмейтінін айтты.

Редакция Азамат Сатыбалдының өзіне хабарласқан.

«30 шілдеден бері Қытайдамын, халықаралық киножобаға қатысып жүрмін. «Қазақфильммен» келісімшартым аяқталды, оны создырмаймын деп шештім. Алғаш рет қазақ актерін осындай халықаралық деңгейдегі жобаға шақырды, түсірілімге қатысуға мүмкіндік алдым. Бұл менің актерлік карьерамдағы елеулі қадам және қазақ өнерін әлемдік аренада танытуға берілген мүмкіндік. Түсірілім Қытайда да, Қазақстанда да бірнеше айға созылады», — деп жауап берді актер әрі продюсер.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.