Қазақстандықтардың орташа жалақысы қаншаға өсті?

Өткен жылдың тоғыз айында қазақстандықтардың орташа жалақысы шамамен 25 пайызға өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы мәліметінше, былтыр тоғыз айда (қаңтардан қыркүйекке дейін) орташа айлық жалақы 329 366 теңге болған. 2021 жылмен салыстырғанда өсім сандық мәнде 24,6 пайыз және нақты мәнде 9,9 пайыз болды.

Ең үлкен өсім білім берудің басқа түрлері (оқу орталықтары, деңгей бойынша жіктелмейтін курстар) саласында тіркелген. Бірден 86,2 пайызға, яғни 431 мың теңге.

Былтыр тоғыз айда ең жоғары жалақы мына салаларда байқалды: бас компаниялардың қызметі және басқару мәселелері бойынша кеңес беру — 956 мың теңге, сақтандыру бойынша қызметтер — 780 мың теңгеден бастап, әуе және теңіз көлігі — 735-тен 862 мың теңгеге дейін, сондай-ақ, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлердң игеру — 622 мың теңге.

Балық аулау және балық шаруашылығы саласында жұмыс істейтін қазақстандықтар ең аз табыс тапқан — 92 мың теңге, басқа да қызмет түрлерін көрсету — 149 мың теңге. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу — 150 мың теңге.

Өңірлер арасында ең жоғары орташа жалақы — Атырау облысында, онда — 562 мың теңгеМаңғыстау облысында — 500 мың теңге, ал жаңадан құрылған Ұлытау облысында — 444 мың теңге. Бұл ретте ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында, онда — 231 мың теңге. Сонымен қатар, Шымкентте, онда — 246 мың теңге.

Астанада орташа жалақы 403 мың теңгеАлматыда 353 мың теңге болды.

Айта кетейік, 2022 жылғы бірінші тоқсанда орташа жалақы 285 433 теңге болған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

2 млн теңгеге дейін жалақы: Елімізде кімдерге сұраныс жоғары? 

Қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша Enbek.kz платформасында 105 907 өзекті бос жұмыс орны бар.

Жаңбыр, найзағай: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды 

Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстанда вакциналарды сақтау температурасы онлайн бақыланады 

Жаңа жүйе тоңазытқыш жабдықтарындағы температура туралы мәліметтерді бірыңғай цифрлық платформаға автоматты түрде жібереді.

«Қыркүйек» пе, әлде «қыргүйек» пе? Оқу-ағарту министрі даулы сөзге қатысты пікір білдірді 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте қоғамда талқыға түскен «қыркүйек» сөзінің жазылуына қатысты пікір білдірді.