Қазақстандықтар зейнетақысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды

Қазақстан зейнетақы көлемі бойынша 44 елдің рейтингінде 37-орында тұр. Бұл ТМД елдері арасында ең жақсы көрсеткіш, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық зейнеткерлер зейнетақысының 47,2 пайызын тамаққа жұмсайды. Рейтингке қатысушы ТМД елдерінің арасында бұл ең жақсы көрсеткіш. Мысалы, Ресейде зейнеткерлер зейнетақысының 58,9 пайызын азық-түлікке жұмсайды, Молдовада — 59,2, Беларусьте — 76,7, Украинада — 84,9 пайыз. 

Үздік елдер қатарында: зейнетақының тек 13,4 пайызы азық-түлікке жұмсалатын Норвегия, Аустрия — 13,7 пайыз және Франция — 14,3 пайыз.

Норвегия рейтингке қатысушы елдердің ішінде ең үлкен зейнетақыға ие — 2017 доллар. Одан кейін Швейцария — 1 913 доллар және АҚШ — 1 663 доллар.

Қазақстан ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие, бірақ ол небәрі 220 доллар. Ресейде зейнеткерлерге орташа есеппен 203 доллар, Беларусьте — 183 доллар, Молдовада — 143 доллар, Украинада — 123 доллар төленеді.

2021 жылы Қазақстанда 65 және одан жоғары жастағы 1,6 миллион зейнеткер болды. Оның ішінде 70,3 мың адам жұмысын жалғастырды, бұл бір жыл бұрынғыдан үш пайызға артық. Зейнеткерлердің жалпы санынан жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі небәрі 4,3 пайызды құрады.

Жұмыс істейтін зейнеткерлердің 69,2 пайызы немесе 48,7 мың адам дербес жұмысшылар; 22,6 пайызы немесе 15,9 мың зейнеткерлер жұмысшылар. Тағы 5,7 мың зейнеткер жеке кәсіпкер ретінде, 46 адам шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары мен үлескерлері, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері, жеке тұлғалар ретінде тіркелді.

Салалық тұрғыда зейнеткерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған: 73 пайызы немесе 51,3 мың адам. Басқа сұранысқа ие салалар арасында көтерме сауда, бөлшек сауда және автокөлік жөндеу, сондай-ақ көлік және логистика секторы бар.

Биылғы жылдың наурыз айында зейнетақының орташа мөлшері 105,3 мың теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,2 пайызға артық. Қазір елімізде 2,2 миллион зейнеткер бар.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.