Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар жаңа әдіспен қабылданатын болды

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар жаңа әдіспен қабылданады. 2022 жылдан бастап құжаттар ҚР Білім және ғылым министрлігінің цифрлық платформасы негізінде қабылданады.

Бұл туралы ведомствоның аппарат отырысында Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Білім министрлігі басшысының айтуынша, ЖОО-ға, оның ішінде ақылы бөлімдерге түсу үшін талапкерлердің құжаттарын қабылдау БҒМ цифрлық платформасы негізінде жүзеге асырылады.

“Бұл өзгеріс университеттердің ҰБТ нәтижесі жоқ немесе мүлде құжаттары жоқ талапкерлерді қабылдауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, академиялық адалдық пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін биылдан бастап ақылы бөлім үшін де, грант үшін де қабылдау білім және ғылым министрлігінің бірыңғай платформасы негізінде жүзеге асырылуы тиіс”, – Асхат Аймағамбетов.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.