Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

24 қазан ресми түрде Кітапханашы күні болады. Құжат Мәдениет және спорт министрлігі сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын: «38-1. Кітапханашы күні — 24 қазан«, — делінген құжатта.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«Ашық НҚА» порталындағы сипаттамада қаулының мақсаты кітапханашы мамандығының имиджін жақсарту және оны кәсіби аренада ынталандыру екені атап өтілген.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...

Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.