Қазақстандағы референдум: қазірге дейін не белгілі?

Қазақстанның 12 аймағында Конституциядағы түзетулерге дауыс беру өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Орталық референдум комиссиясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақыты бойынша таңғы сағат 7-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8089 референдум учаскесінде дауыс беру басталды. Сондай-ақ, 10 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктерінің жанындағы 12 учаскеде дауыс беру басталды», — деді Петров.

36 учаскеде, аумақтық комиссиялар қабылдаған шешімдеріне сәйкес, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6-да басталды.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.