Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

Қазақстанда сотталғандардың жаңа бірыңғай киім үлгісі бекітілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа киім үлгісі жазғы және қысқы мерзімге арналған.

Сотталғандардың жазғы киім нысаны: шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

  • сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін — сұр түсті;
  • сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін — жасыл түсті;
  • тәртіптік изоляторлардағы және жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін — қызғылт сары түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар күртеше мен шалбар — қоңыр түсті. Бас киім — су өткізбейтін матадан тігілген кепка (әйелдер үшін — үшкіл орамал).

Сотталғандардың қысқы киім нысаны: Шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

  • сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін — сұр түсті;
  •  сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін — жасыл түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар жылы күртеше мен шалбар — қоңыр түсті. Бас киім — иірілген 2 немесе 3 жіптен тоқылған бөрік.

Елімізде жәрдемақы мен оны тағайындау шарты бекітілді

Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысы жәрдемақы тізімі және оны тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарты, жерлеу төлемін бір рет тағайындау шарты бекітілді.

Қазақстандықтардың 71 пайызы ауырғанда бірінші ЖИ-ден кеңес сұрайды 

Қазақстандықтардың 94 пайызы ауырған кезде алдымен өз бетінше емделуге әрекет етіп көреді.

Елімізде көпқабатты үйлерге өрт сөндіру техникасының кіру талаптары күшейтілді 

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің өрт қауіпсіздігіне қатысты жаңа талаптар белгіленді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды 

Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Алматыда жылуды 9 қазаннан бастап қосады

Алматыда биыл жылу қосу маусымы 9 қазанда басталады. Алайда әкімдіктің хабарлауынша, тұрғын үйлерге жылу бірден қосылмайды.