Қазақстанда мұнай өндіру көлемі жыл қорытындысы бойынша екі миллион баррельге төмендейді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру деңгейі 87,5 миллион баррель болатыны жоспарланған еді.
«2 миллион баррельге аздап төмендейді. Барлығы — 85,7 миллион баррель. Бірақ бізде жоғары баға есебінен өтемақы жүріп жатыр», — деп түсіндірді министр Үкімет отырысы аясында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.