12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар қандай төлемдер алады?

Мемлекет төтенше жағдай туралы заң бойынша зардап шеккендерге өтемақы төлеуі мүмкін. Бұл туралы заңгер Максим Мостович айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Максим Мостович коронавирус пен төтенше жағдай салдарынан қаржылық шығынға ұшыраған адамдарға қандай өтемақы төленетінін түсіндірді. Сондай-ақ, ол мұндай жағдайларда еңбек қатынастары қалай реттелетінін айтты.

Заңгердің айтуынша, мемлекет төтенше жағдай туралы заң бойынша зардап шеккендерге өтемақы төлей алады. Мұндай төлем мүмкін, бірақ міндетті емес. Мөлшері мен төлеу тәртібі бөлек айқындалады.

Еңбек кодексіне сәйкес, егер қызметкер ауырып қалса, жұмыс беруші уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін әлеуметтік төлемдерді өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті. Мұндай төлемдердің негізі — ауруды растайтын қағаздар.

«Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін үкімет белгілейді және орташа күндік жалақыны уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңіндегі жұмыс күндерінің санына көбейту арқылы анықталады. Қызметкердің орташа күндік жалақысы оның орташа жалақысын есептеу арқылы анықталады», — деді ол.

Заңгердің мәліметінше, бір айға төленген жәрдемақы мөлшері тиісті жылға он айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек және бұл 39 765 теңгені құрайды. Бұл ереже Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңде шетел валютасымен жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне еңбек жарақаттарымен немесе кәсіптік аурумен байланысты болса қолданылмайды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік төлемдер үшін қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.

Егер қызметкерлер сау болса, онда тараптар тек өзара келісім бойынша және қызметкердің өтініші негізінде қызметкерге еңбек шарты талаптарына сәйкес жалақы төлеумен кезекті еңбек демалысын беруге келісуге құқылы. Мұндай демалыстың мерзімі 24 күнге дейін, ал мөлшері орташа жалақының 100 пайызын құрайды.  Соынмен қатар, қызметкер мен жұмыс беруші белгісіз уақытқа дейін демалыс алуды келісе алады.

«Сондай-ақ, жұмыс беруші кем дегенде бір айға ескертумен жұмысшылар саны немесе штатының қысқаруына немесе жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтер көлемінің азаюына байланысты кем дегенде 15 күн ескерту жасай отырып, еңбек шартын толығымен бұзуға құқылы. Бұл жағдайда ешқандай өтемақы төленбейді», — деді Максим Мостович.

Бұдан басқа, ол кәсіпкерлердің шығындары туралы айтып берді. Оның айтуынша, жағдай стандартты емес және мемлекет қабылдайтын шаралар азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған және мұндай жағдайларда мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қандай да бір міндетті өтемақы қарастырылмаған.

Қазақстандағы ірі сауда орталықтары үшін жаңа міндеттеме енгізілуі мүмкін

Ірі сауда орталықтары келушілерді сапалы Wi-Fi-мен қамтамасыз етуге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек хабарлады.

Бақытжан Байжановқа тағылған айыптаудың бірі алып тасталды

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында екінші сотталушы Бақытжан Байжанов тағылған айыптардың бірі бойынша ресми түрде ақталды.

Тағы бір резонанс тудырған сот тікелей эфирде көрсетіледі

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің соққыға жығылу дерегі бойынша сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы сотта мәлім болды.

Елімізде күнбағыс майы арзандады

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде 194,4 мың тонна өсімдік майы өндірілген, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,4 пайызға артық.

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан энергия жүйелерін біріктіреді

Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды.