Қазақстанда кімдер әскери борышын өтеуді кейінге қалдыра алады?

Қазақстанда әскери борышын кімдер кейінге қалдыра алады. Қорғаныс министрлігі түсіпдіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қорғаныс министрлігінің дерегінше, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) шақыру комиссиясының шешімі бойынша беріледі. 

Әскери борышын кейінге қалдыру мына негіздер бойынша беріледі:

  • отбасы жағдайы бойынша;
  • білім алуды жалғастыру үшін;
  • денсаулық жағдайы бойынша;
  • тағы басқа себептер.

Қорғаныс министрлігінде түсіндіргендей, отбасы жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыру адамның көмегіне мұқтаж және мемлекеттің толық қамқорлығына жатпайтын отбасы мүшелерін күтумен айналысатын азаматтарға беріледі.

Яғни күтімді қажет ететін жандарға қамқор болатын Қазақстан аумағында отбасы мүшелері немесе жақын туыстары жоқ болған жағдайда.

Бөгденің көмегі мен күтіміне мұқтаж отбасы мүшелері:

  • әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған кезде. Сонымен қатар егер оның асырауында зейнеткер немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар әкесі, анасы, жұбайы, сондай-ақ атасы мен әжесі болған жағдайда;
  • ата-анасы болмаған кезде І немесе ІІ топтағы мүгедек болып табылатын немесе 18 жасқа толмаған аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) болса;
  • әскерге шақырылушыдан басқа, І немесе ІІ топтағы мүгедек жан немесе 18 жасқа толмаған бір және одан да көп баласы бар және оларды жұбайынсыз тәрбиелеп отырған жағдайда;
  • асырауында жасы бойынша еңбекке қабілетсіз немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын бір және одан да көп туыстары (әкесі, анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі) бар және оларды жұбайсыз асырап отқан жағдайда.
  • асырауында І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар адам және әскерге шақырылушыдан басқа 18 жасқа дейінгі бір және одан да көп баланы тәрбиелеп отырған жағдайда;
  • мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы жалғыз ер бала болатын отбасы мүшелерінің бірі.

Сонымен қатар, олардың асырауында болған азаматтарға кейінге қалдыру ұсынылады:

  • анасы жоқ бала (балалар);
  • ата-анасы қайтыс болса, ата-ана құқығынан немесе соттың бас бостандығынан айыруға байланысты олар кемінде екі жыл тәрбиелеуде және бағып-күтуде болған адамдарды;

Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:

1) білім беру ұйымдарында жалпы орта білім алатын азаматтарға оқу кезеңіне;

2) тиісті білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім, басқа мемлекеттердің рухани (діни) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі білім алатын азаматтарға оқуы туралы растайтын құжаттарды ұсынған кезде білім алуды аяқтағанға дейін;

3) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алатын азаматтарға беріледі.

Ведомствоның мәліметінше, білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру қашықтан оқитын азаматтарға берілмейді.

«Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға шақыру комиссиясының шешімімен бір жылға дейінгі мерзімге беріледі», — деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Бұл ретте басқа да себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әдістемелік кабинеттерде жұмыс істейтін педагогтер босатылады.
  • тиісті білімі бар, мамандығы бойынша ауылдық жерде тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлерге;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттарына;
  • анықтау, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе соттар қылмыстық істерін қарап жатқан адамдарға тиісінше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкімі күшіне енгенге дейін;
  • азаматтық авиация ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтық әуе кемелері ұшу экипаждарының мүшелеріне, азаматтық авиацияның тиісті білімі бар инженерлеріне, механиктері мен техниктеріне;
  • су көлігі ұйымдарында жұмыс істейтін тиісті білімі бар кеме экипаждарының мүшелеріне;
  • құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдарға беріледі.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?