Қазақстанда АЭС құрылысы туралы шешім 2022 жылы қабылданады

Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы шешім 2022 жылы қабылданады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Құрылыс мәселесі қарастырылып жатыр. Есептеулер көрсеткендей, Қазақстанда Экологиялық кодекске сәйкес жаңа генерация салу қажет. Көміртексіз генерация — оған атом жатады. Сондықтан атом станциясын салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бірақ орны, көлемі әлі анықталған жоқ. Шешім 2022 жылы белгілі болады деп ойлаймын», — деді Нұрмағанбетов Сенат отырысында журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Оның айтуынша, қаралып жатқан орындарға Алматы облысындағы Үлкен елді мекені мен Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы, Қазақстанның батысындағы облыстар кіреді. Вице-министр елдің батысында бұрын атом электр станциясы жұмыс істегенін айтты.

Нұрмағанбетовтен дамыған елдер, Германия керісінше атом энергиясынан бас тартып жатқан кезде Қазақстан неліктен АЭС салуды жоспарлап отыр деген сұрақ қойылды.

«Иә, Германияның мысалы таңғалдырады. Бірақ көршілес Франция, керісінше, 20 жаңа реактор салу жұмыстарын күшейтті. Әр ел өзінше таңдайды. Финляндия, Беларусь, Швеция, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия — қазір әлемде 50 реактор салынып жатыр. Жасыл энергияға 100 пайыз көшу мүмкін емес. Әлемнің ешбір елінде мұндай жоқ. Мұның бәрін реттейтін технология жоқ. Жел, күн станцияларының өндірісі маусымға, тәулік уақытына тәуелді. Әр сағатта не болатынын болжау мүмкін емес. Сондықтан тұрақты электр энергиясы болуы үшін өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету қажет. Сондықтан реттей алатын станция қажет», — деп түсіндірді вице-министр.

Көмір зауыттарынан бас тартумен байланысты тағы бір мәселе бар — әлемде шығарындыларға салынатын салықтың өсуі.

«Көміртегі салығы енгізіліп жатыр, яғни қазақстандық экспорттаушыларда проблема бар — металлургия, тіпті мұнай саласы да электр энергиясына сүйенеді. Барлық экспорт тауарларына салық салынады. Біз бұл тауарларды сата алмаймыз және жұмыспен қамтамасыз ете алмаймыз. Осы қағидаттарға сүйене отырып, осы мәселелер талқыланып жатыр», — деді Нұрмағанбетов.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...