Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында бүкіл елде осы айтулы күнге арналған іс-шаралар өткізіледі. Пробация қызметі де еліміз үшін маңызды мерекеден тыс қалған жоқ.

27 тамызда Мамлют мәдени орталығының ғимаратында пробация қызметінің бастамасымен ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылған және өткізілген дөңгелек үстелдегі кездесу өтті. Әңгімелесу барысында тілдерді дамыту және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманы Б. А. Темірбекова сотталғандарға еліміздің Ата заңымызда бекітілген құқықтар мен міндеттер, Тәуелсіздік жылдарында республикамыздың қалыптасуы, мемлекеттік
бағдарламаларды іске асырудағы жастардың рөлі, осындай іргелі құндылықтардың маңызы, сақталуы және нығайтылуы туралы ақпаратты жеткізді.

Бүгінгі күннің проблемалары, өз елінің заңға бағынатын азаматы болып қалу туралы – осы және басқа да сұрақтарға кездесуге қатысушылар жауап берді. Диалогқа жастар ресурстық орталығының өкілдері, ішкі саясат бөлімінің маманы, сондай-ақ ПҚ есебінде тұрған белсенді жастар қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша шағын тренинг ұйымдастырылды, әрбір сотталған адаммен жеке-жеке қысқа тестілеу өткізілді, оның көмегімен әрбір қатысушының негізгі өмірлік ұстанымы айқындалды. Сотталғандар үшін бейресми жағдайда, әсіресе түрлі мерекелер кезінде мұндай кездесулер сотталғандарды біріктіреді және оларды қоғамнан оқшауламай, одан әрі түзетуге және қайта тәрбиелеуге ықпал етеді.

Мамлют ауданының ПҚ бастығы
әділет подполковнигі
Сеитова А.С.

В области Абай сотрудники женской колонии отметили День здоровья спортивными соревнованиями

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось спортивное...

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...