12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Қазақстан ол жақтан ештеңе ала алмайды»: Маман офшорлардан қаржыны қайтару жайлы

Экономикалық шолушы Әнуар Нұртазин Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаларды елге қайтару мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Маманның айтуынша, офшорлар — үлестіруші жүйе және техникалық тұрғыдан ол жерден қаржыны тек жүйені құрған санаулы мемлекеттер шығара алады.

«Қазақстан ол жақтан ештеңе алмайды. Екі мысал келтірейін. Біріншісі — Гүлнар Каримова, Өзбекстан қанша рет тырысса да, іс орнынан қозғалған жоқ. Екіншісі — Мұхтар Аблязов. Оның офшорларын табуға, ал ақшасын қатыруға тырысты. Басқаша айтқанда, көптеген адамдар «жерді қазып іздеді», бірақ ештеңе шықпады. 

Ақшаны елге қайтару механизмін ойлап табу жалпы мүмкін емес. Бір ай, екі ай, үш айда болсын. Яғни, бір дегенде бұл мәселені шеше салатындай елде ондай қаржы салмағы жоқ. Өйткені жүйенің өзі ол үшін ойлап табылмаған», — деді маман. 

Оның пікірінше, сыртқы экономикалық қызметті толықтай бақылауға алу қаржыны Қазақстаннан заңсыз шығаруға қарсы тиімді тәсіл болмақ. Осы амал алдағы уақытта ақшаның шығарылуына тосқауыл болуы мүмкін. Ол үшін жұмысты қазір бастау қажет. 

«Мұны қарапайым әрі әдемі түрде жасауға болады. Ол үшін барлық шекті бенефециарларды (авт. пайдасына төлем төленетін, аккредитив ашылатын тұлға, сақтандыру полисі бойынша ақша алушы)  ашу керек. Бірақ оған Өзбекстан немесе Морокко сияқты валютаны қатаң қадағалап, қатаң шектеулер қоятын елдерді үлгі етудің керегі жоқ. Үздік тәжірибелерге, яғни еуропалық тәжірибеге сүйнген абзал. 

Өзара салық салмау туралы келісім барда, бұл ақшалар келе береді. Мәселен, РФ-тан қабылдаймыз, шекті бенефициарды көреміз, оның артында кім тұрғанын, қайдан шыққанын көреміз. Осылайша біз ақшаның Қазақстанда табылып, салық төленіп жатқанын түсіне аламыз. Ақшаны кері қайтара аламыз», — деді Әнуар Нұртазин. 

Маман шекті бенефициар белгісіз болса, сыртқы экономикалық банкке ресми сұраным тастау арқылы шоттарды бұғаттау мүмкіндігі жайлы айтты.

«Егер шекті бенефициарды көрмесек, ақшаның қайдан шыққанын ашу және шекті бенефециарды ашу туралы хат жібереміз. Егер де бұл заңсыз ақша болса, біз одан бас тартамыз немесе еуропалықтар секілді шотты бұғаттаймыз. Егер де адам хатты алғаннан кейін, ақшаны шығаруға төлем туралы тапсырма жіберсе, біз банк жүйесінде ақшаның шығарылуын бұғаттаймыз», — деді Нұртазин. 

Сондай-ақ, ол ақшаны шығаруды бөгейтін салық тарифін енгізуді ұсынды. 

«Егер адам ақпаратты ашқысы келмесе, біз тыйым салушы салық тарифін, мәселен 50%-ға енгізе аламыз. Осылайша біз оны экономикалық тұрғыдан ашылуына немесе қазақстандық шарттармен елде компания құруға итермелейміз», — дейді экономикалық шолушы. 

Алайда елде сот жүйесі жұмыс істемесе, аталған амалдардың бірде бірі нәтижелі болмайды, деді маман. 

Айта кетейік, 8 ақпан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған ақшаларды Қазақстанға қайтару жөнінде Үкіметке екі ай ішінде ұсыныстар беруді жүктеді. 

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...