Қазақстан газ қолжетімділігі бойынша бірінші орында

Газдың қолжетімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан бірінші орында, ал Ресей екінші орында тұр, — деп хабарлайды РИА Новости.

Халық үшін газдың қолжетімділігі бойынша елдердің рейтингін РИА Рейтинг сарапшылары дайындады.

«Халық үшін газдың қолжетімділігі бойынша бірінші орынды Қазақстан иеленді, оның орташа статистикалық тұрғыны орташа айлық жалақысына 8,6 мың текше метр газ сатып ала алады. Мұнда жалақы салыстырмалы түрде төмен, бірақ газ бағасы рейтингке қатысатын барлық елдердің ішіндегі ең арзаны. Екінші орынды Ресей 7,4 мың текше метрден алды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, алғашқы бестікке Ұлыбритания, Люксембург және Аустрия кірді. Бұл елдердің азаматтары 3,9 мың текше метрден астам газ сатып ала алады.

Ең аз газды Молдова тұрғындары сатып ала алады: орташа жалақы үшін — 858 текше метр. Бұл Қазақстаннан он есе аз. Молдовадан басқа, Болгария, Греция, Румыния және Босния мен Герцеговина да бар. Бұл елдердің тұрғындары айына 1,4 мың текше метрден аз газ сатып ала алады.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.