Автокөлік иелері үшін жағымды жаңалық! Енді электронды үкімет порталында заңды тұлғалар үшін көлік құралдарын бастапқы тіркеу қызметі онлайн түрде қолжетімді.
Ол үшін:
Автокөлікті сатып алуға мәміле жасағаннан соң, автосалон өкілі eGov.kz порталында автокөлік құралын тіркеуге өтінімді рәсімдейді
Өтінім беру процесінде автосалон өкілі автокөліктің техникалық талаптарын енгізеді, құжаттар қоса тіркеледі, БСН көрсетіледі.
Бұдан әрі өтінімге ЭЦҚ-мен қол қойылады және сатып алушының жеке кабинетіне жіберіледі.⠀
Сатып алушы осы өтініммен «жеке кабинетінде» танысып, өз автокөлігіне мемлекеттік нөмірлік белгіні таңдайды, мемлекеттік баж салығын және тіркеу алымын төлейді. Ары қарай автокөлікті иелену құқығын растайтын құжатты, өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты тіркеп, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып растайды.
Қызмет көрсету нәтижесі белгіленген уақыт ішінде қызмет алушының «жеке кабинетіне» келіп түседі.
Маңызды:
Көлік ҚР аумағындағы ресми диллерлерден сатып алынуы қажет.
Қызмет иесі ҚР ІІМ талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасында өндірілген және кеденнен өтпеген көлік құралдары осы көрсетілетін қызметтің тізбесіне кірмейді. #қысқа_нұсқа