12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан қандай тауарға тәуелді екенін айтты

Қазақстан азық-түлік тауарларының 29 негізгі түрі бойынша өзін отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Осылайша тек 11 тауар позициясы бойынша ішкі нарық 100 пайыз қамтамасыз етілген. Олар: нан, макарон, сүт, картоп, қияр, күріш, қой еті, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, қарақұмық, тұз.

12 тауар бойынша қамтылу көрсеткіші 80% немесе одан да көп. Олар: қызанақ, сәбіз, қырыққабат, пияз, бұрыш, қызылша, сиыр еті, жылқы еті, шошқа еті, сүт өнімдері, сары май, күнбағыс майы.

Алма – 73,7%, құс еті – 65,4%, шұжық өнімдері – 56,4%, ірімшіктер мен сүзбе – 56%, қант – 42,6%. Мұнда қамтылу деңгейі 80%-дан төмен. Бұл тауарлар тобы бойынша импорт көлемі 700 миллион доллардан асады.ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

Осыған орай, министрдің айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанда 24 ет комбинаты салынып, 8,2 мың гектар аумаққа бау-бақша отырғызу бойынша 22 жоба іске қосылады. Сондай-ақ, 20 сүт өңдеу зауыты, 23 құс фабрикасы және бір қант зауыты салынады.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...