12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Аумақтық соттылық мәселелері

2021 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы актпен енгізілген жаңалықтардың бірі — эксаумақтық соттылықты енгізу.

Осы актпен енгізілген жаңалықтардың бірі — эксаумақтық соттылықты енгізу. Соттылық дегеніміз — сот ісін қарауға тиісті нақты соттың ұйғарымы. Теорияда соттылықтың екі негізгі белгісі бар: — ведомствалық соттылық (АІЖК-нің 26 – 27-баптары) — құзыретті сот даудың сипаты, нысанасы бойынша айқындалады. Соттылық кезінде аудандық және мамандандырылған соттардың құзыреттері ажыратылады; — аумақтық соттылық (АІЖК – нің 31-бабы) — сот жұмыс істейтін аумаққа байланысты сотты таңдау. Жалпы ереже бойынша талап жауапкердің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. Аумақтық соттылық мынадай түрлерге бөлінеді: баламалы (талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық), айырықша (нақты даулар бойынша соттылық заңда айқындалады), шарттық (тараптардың келісімі бойынша соттылық). 2022 жылдың 1 тамызынан бастап экстерриториялық, яғни эксаумақтық соттылық принципі қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (АІЖК) 32-бабы тараптардың өзара келісімі бойынша осы іс үшін, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысында соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша аумақтан тыс соттылықты таңдау құқығын көздейтін нормамен толықтырылады. Экстерриториалдық соттылық қағидаты талап қою немесе азаматтық іс республиканың барлық соттары арасында бөлінетін болады. Компьютерлік бағдарлама арқылы автоматтандырылған тәсілмен оның аумақтық орналасуына қарамастан, жүктемесі аз сот іріктелетін болады. Басқаша айтқанда, талапкер мен жауапкер бір аймақта, ал сот басқа аймақта болатын жағдай мүмкін болады. Жаңашылдықтың мақсаты — сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сот жүктемесін бүкіл ел бойынша біркелкі бөлу. Жаңалыққа сәйкес тараптар даулар туындаған жағдайда істі құзыретті сот эксаумақтық соттылыққа сәйкес шешетіні туралы дербес уағдаласа алады. Эксаумақтық соттылықты тараптар шартта немесе қосымша келісімде арнайы тармақпен белгілейді. Келісімді сот істі іс жүргізуге қабылдағанға дейін немесе істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін ресімдеу қажет. Тараптар ведомстволық соттылықты (АІЖК-нің 26-27-баптары) немесе айрықша соттылықты (АІЖК-нің 31-бабы) тараптардың келісімімен өзгертуге болмайтынын, ведомстволық немесе айрықша соттылықты өзгерту туралы шарттың талаптары елеусіз болатынын, яғни экстерриториялық соттылық — бұл бүкіл ел бойынша бірінші инстанция сотын оның мамандануын (аудандық, экономикалық, ювеналдық т.б.) ескере отырып, таңдау туралы шарт екенін ескеруі қажет. Аталған жанашылдықты іске асыру сот төрелігін іске асыру процесіне ақпараттық технологияларды енгізуге байланысты мүмкін болды. Бүгінде азаматтық істердің басым бөлігі қашықтан қаралады, тараптар нақты аумаққа байланыссыз сот арқылы қорғау құқығын іске асырады. Осылайша эксаумақтық соттылықтың келесі артықшылықтарын атап өтуге болады: — азаматтық істі Қазақстан аумағындағы кез келген сот қарауы мүмкін. Бұл жергілікті биліктің, тараптардың ықтимал ықпалын азайтады, соттардың тәуелсіздігі мен бейтараптығын арттырады; — республиканың барлық соттары бойынша сот жүктемесін біркелкі тең бөлу. Бүгінгі таңда қалалық және аудандық соттардың жүктемесі арасында, сондай-ақ мегаполистер (Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары) мен облыстар арасында айтарлықтай алшақтық бар; — соттарға сенімді арттыру.

ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЙ ПОТЕНЦИАЛ И НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ

Как известно, национальный проект «Качественное образование – образованная нация»,...

– Андрей Иванович, Ақмола – табиғат ерекше байлық сыйлаған...

Жаттығу барысында жеке құрамның білімі мен практикалық дағдылары,...

Сотталғандар арасында спорттық шара өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мемлекеттік...

Алматыдағы жер сілкінісі: Қытайда тағы афтершок тіркелді

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 15 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 07:47-де тіркеді.