12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден 34 сотталған рақымшылықпен босатылған

ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандарды есепке алу, жеке істерін тіркеу, есебін жүргізу мекемелердің арнайы есепке алу бөлімі жүзеге асырады. Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Мерей Табылғанованың жұмыс барысымен таныстық. Әділет аға лейтенанты М.Табылғанованың айтуынша мекемеге қабылданған әрбір сотталған туралы мәліметтерді, жеке істерін зерделеп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің Орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорына сотталғандар туралы және бір тәулік ішінде – жазалардың орындалуы туралы мәліметтерді енгізеді. Сондай-ақ мекемеге келгені әрбір сотталған туралы екі жұмыс күні ішінде үкім шығарған сотқа, оның зайыбына (жұбайына), сотталғанның таңдауы бойынша туыстарының біріне немесе заңды өкіліне хабарлама жібереді. Сотталған азаматтармен жеке қабылдаулар жүргізіп, жаза өтеу мерзімдері туралы ҚР заңнамаларына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Арнайы есепке алу қызметкерлері үкімдерді орындау кезінде туындаған кез-келген түрдегі күмәндармен түсініксіз жайттар бойынша сотталғанның сотынан түсіндірме сұратады. Сотталғандарды құжаттандыру жұмысын да арнайы есепке алу бөлімі жүргізеді. 2022 жылдың 3 айында 5 сотталғанның жеке куәлігі қайта жасалды.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы мекемеде жазасын өтеуші 39 сотталғанға қолданылып, Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысымен 34 сотталған жазадан босатылып, 5 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды. Жыл басынан мекемеден мерзім соңымен -15 сотталған , шартты түрде мерзімінен бұрын -6 сотталған босатылса, 17 сотталғаннның жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды»,- дейді әділет аға лейтенанты М.Табылғанова.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде арнайы есеп бөлімі қызметінің қорытындысы шығарылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекемесінде «Оралханның тәрбиелік ойлары» атты кинопоказы мен кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде...

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...