Атырауда кәсіпкер өз көлігінде жатқан 12 миллион теңгеге тонау ұйымдастырған

Атырауда жергілікті кәсіпкер жалған ақпар жеткізгені үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

2023 жылдың қыркүйегінде Атырау полициясына дизель отынын сататын кәсіпкер банк маңында тұрақта тұрған көлігінен 12 миллион теңге ұрланғаны туралы шағыммен хабарласқан. Полицей кәсіпкерге жалған мәлімдеме жасаудың салдары болатынын ескерткен.

Тергеу барасында ұрлықты кәсіпкердің өзі ұйымдастырғаны белгілі болды. Ол құрылысшымен келісіп, көліктен ақша ұрлауды ұйымдастырып, ол үшін екі миллион теңге берген.

Сот кәсіпкерді ауыр қылмыс жасады деген айыппен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі «Көрінеу жалған хабарлау» бойынша кінәлі деп таныды. Ол үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Екінші қатысушыға да көмек көрсетті деген айып тағылған. Екеуі де кінәсін мойындап, өкініп, нәтижесінде сот айыпталушыларды үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.

19 наурызға арналған ауа райы болжамы 

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы...

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.