Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Болат Ақшолақов туралы не белгілі?

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы — экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған.

1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997-2003 жылдары «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған.

2003-2006 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор болды.

2006-2008 жылдары энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды.

2008-2011 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «PSA» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы ретінде еңбек еткен.

2012-2014 жылдары — мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылғы қыркүйектен бастап AlmexPetrochemical ЖШС бас директоры болды.

2016 жылғы ақпаннан бастап «KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары — энергетика вице-министрі.

2019 жылдан 2021 жылға дейін KAZENERGY қауымдастығының бас директоры болып жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары — Almex Petrochemical ЖШС бас директоры.

2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қаңтарға дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2022 жылғы 11 қаңтарда энергетика министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...