Ата-ана мен бала қарым-қатынасы

Ағымдағы жылдың 25ші маусымында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №79 әйелдер түзету мекемесіндегі «Жусан» операциясымен елге оралған экстремизм және терроризм бабы бойынша жазасын өтеушілермен Психологиялық нысаналармен жұмыс: балалық шақ психотравмалары. Ата-ана мен бала қарым-қатынасы. (Работа с психологическими мишенями: психотравмы детства. Детско-родительское отношение) атты екі тілде тренинг өтті.
Мақсаты: ата-ананың бала дамуындағы өте күшті әсері, сүйіспеншілік пен түсіністік жағдайында өскен балалардың денсаулығы, оқуда және құрдастарымен қарым-қатынас туралы ақпарат беру. Отбасындағы жанжалдар, отбасылық жылулықтың болмауы, сондай-ақ ата-анасының біреуінің немесе екеуінің ұзақ уақыт бойы болмауы, ажырасуы, қиын жағдайда баладан бас тартуы нәтижесінде баланың психологиялық дамуының бұзылуы туралы талқылау. Қазіргі уақытта отбасылық қарым-қатынастардың ең көп зерттелетін аспектілері ата-ананың тәрбиелік стилі, сондай-ақ ата-ананың балаларға деген көзқарасы екенін талқылау. Психотравмалармен жұмыс.
«Отбасылық фотосурет» техникасы арқылы әр қатысушы өзі таңдаған фотосурет туралы, не үшін таңдағанын, олар үшін қандай мағына барын және қандай сезім тудыратынын түсіндіреді. Әрбір фотосуреттің мазмұны және бейнеленген отбасы мүшелерінің бір-біріне қаншалықты жақын екендігі талқыланады.
«Болашақтағы мен» жаттығуында қатысушылар болашақ туралы қиялға ерік береді. Келесі бөлімде «Көз қозғалысын десенсибилизациялау және қайта өңдеу әдісі» қолданылды. Бұл әдіс өткен өмірдегі травмалық жағдайларға байланысты жағымсыз тәжірибелерді әлсіретіп, жағымсыз ойлардан, қиын естеліктерден, алаңдаушылықтан, дүрбелең шабуылдарынан, шағымданудан құтылуға бағытталды.
«Арттерапия» жаттығуында қатысушыларға ірі тегіс тастар және бояулар мен қылқаламдар таратылады. Арттерапиялық әдіс, яғни тасқа қияли суреттер салу арқылы, жағымды эмоцияларды тудыру.
Шара соңында қатысушыларға ата-аналар ретінде кеңестер берілді.

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...