Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Президентке Жоғары сот кеңесінің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындылары, соның ішінде судьялардың іріктелуін жетілдіру шаралары, соттардың кадрлық резервін қалыптастыру барысы және судьяларға қатысты тәртіптік тәжірибенің жағдайы туралы мәлімет берілді. Денис Шипптің айтуынша, Кеңестің қызметі заманауи HR тәсілдерін кеңінен қолдануға және заңгерлер қоғамдастығы өкілдерін белсенді түрде тартуға мән бере отырып, ашықтық пен шынайылық қағидаттары бойынша жұмыс істеуге негізделген», — делінген хабарламада.

Жоғары сот кеңесінің төрағасы судьяларды іріктеу кезінде олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне шынайы баға беріліп, қоғамдық пікір жан-жақты зерттелетінін айтты.

«Былтыр алғаш рет сот жүйесінің қатарын толтырған судьялардың саны, жұмыстан кеткендерден басым болғаны байқалды. Осылайша, сот корпусына бірінші рет 103 адам тағайындалып, 90 судьяның өкілеттігі тоқтатылды», — делінген хабарламада. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот кадрларын барынша жаңартуды және сот жүйесіне тәжірибелі мамандарды тартуды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың перспективті бағыттары баяндалды. Судьяларды іріктеу мәселелері бойынша заңға енгізілген қосымшаларды іске асыру аясында биыл салалық мамандар үшін облыстық соттардағы судья лауазымына арнайы конкурс өткізу жоспарланып отыр.

Кеңес жұмысының ашықтығын одан әрі арттыру мақсатымен заңгерлер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.