Қасым-Жомарт Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

66

Украина тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысы телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина тарапының бастамасы бойынша Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті», — деді Берік Уәли. 

Ақорда мәліметінше, тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.

Мемлекет басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.