Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен қарым-қатынасы туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумының панельдік сессиясында Ресей президенті Владимир Путин әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Иә, ол Владимир Путин әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы. Ал өз елімнің президенті ретінде мен Путинмен тығыз қарым-қатынаста болғаныма өте қуаныштымын», — деп жауап берді Мемлекет басшысы Bloomberg телеарнасының жүргізушісі Манус Крэнни сұрағына.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей көшбасшысының жеке сұхбатында Қазақстанның Донецк пен Луганск мәселесіне қатысты ұстанымы туралы сөзіне ешқандай реакция білдірмегенін айтты.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірген болатын.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.