Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентімен Украинадағы жағдай туралы сөйлесті

Германия тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары Украинадағы  ахуал жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Франк-Вальтер Штайнмайер Ресей басшылығының Украинаға қарсы әскери іс-қимыл бастау жөніндегі күтпеген шешімінің себептеріне қатысты Еуропа одағының белгілі ұстанымын жеткізді. Әскери іс-қимылдар бұл елді гуманитарлық апатқа алып келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл мемлекеттің БҰҰ Жарғысындағы нормалар мен қағидаттарды берік ұстануға тиіс екенін айтты.

Президент Украина дағдарысын өте ауыр деп санайды. Сондықтан бейбіт тұрғындардың бұдан былай жапа шекпеуі және Украина аумағындағы азаматтық инфрақұрылымның толық қирауына жол бермеу үшін қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жаңа дипломатиялық мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Украина халқына дәрі-дәрмек және басқа да қажетті азық-түлік жағынан гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Қазіргі уақытта оларды көзделген жерге көлікпен жеткізу жолдары қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі 435 азаматымызды өз Отанына және 650-ден астам адамды Еуропа елдеріне эвакуациялауға қол ұшын берді.

Президенттер Украина проблемасы бойынша өзара байланыс жасап тұруға келісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер екі елдің қарым-қатынастары тұрақты түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды. Бұған Қазақстан Президентінің 2019 жылы желтоқсанда Германияға жасаған  ресми сапары септігін тигізді.

Мемлекетіміздің басшысы Германия Президентін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Франк-Вальтер Штайнмайер шақыруды ризашылықпен қабыл алды.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.