Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында елімізде инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту, экономика және қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды. Сондай-ақ олар әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, оның нәтижелері шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан экономикасын дамытудың және елдің қаржы жүйесін нығайтудың перспективалары туралы көзқарасын білдірді.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.