Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бас партиясын «Аманат» деп өзгертуді қолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Жасыратыны жоқ, партия атауына байланысты пікірталасқа мен де қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды. Соның ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. «Аманат” сөзі ата-бабалар өсиетін, болашақ ұрпаққа мирас ретінде қалдыру дегенді білдіреді. Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым», — деді президент Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде.

Тоқаев егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз бізге бабалардан жеткен аманат екенін атап өтті.

«Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз, міне, осы. Біз осы баға жетпес мұраны сақтап, нығайтуымыз керек. Өткен және болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады. Сондықтан мен партияны ресми түрде «Аманат» деп атауды толық қолдаймын», — деді Тоқаев.

Тоқаев партияның трансформациясы тек атауын өзгертумен ғана шектелмей, қоғамның сұранысына қарай толығымен өзгертілетінін атап өтті.

Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі онлайн форматта өтуде. Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарлануда.

Бұған дейін Nur Otan партиясының мәжілістегі фракция депутаттары партия атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.