Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар!

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты.

Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор.

Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін.

Республика күні — халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.

Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да — азаматтар!

Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы — көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл — ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз — егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз.

Біз — байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады.

Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз — айқын, мақсатымыз — ортақ.

Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз — бір, мемлекетіміз — бір, халқымыз — бір.

Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Еліміздің егемендігі баянды болсын!», — делінген хабарламада.

Алматыда рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. Нысандардың жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болды.

21 қазанда бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда 21 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Бірқатар қалада жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.