Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы Ботаникалық бақта көшет отырғызды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірге – таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында Ботаникалық бақта көшет отырғызып, қалалық сенбілікке қатысты. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, эко-волонтерлер, сондай-ақ Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері қатысты.

Сенбілік барысында Президент эковолонтерлермен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа, жалпы экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы керек деп санайды. «Тал дегеніміз – қасиетті ұғым. Біз тал-теректерді, табиғатты қорғауымыз керек», – деді Президент.

«Баршаңызға алғыс айтамын. Сіздер Қазақстанның болашағысыздар. Жаңа Қазақстанды ел болып, ұлт болып, мемлекет болып, бәріміз бірге құруға кірісуіміз қажет. Аманшылық болса, Екінші республиканы өркендетеміз. Жалпы келешегіміз жақсы, айқын, жарқын болатынына ешқандай күмәнім жоқ. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Мен сіздерге сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еріктілер мен Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері экологиялық мәселелер мен бастамаларға үнемі қолдау білдіретіні үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Акцияға қатысқандар 15 түп жөке және 35 түп емен көшетін екті.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.