«Қасым-Жомарт Кемелұлы, 42500 мәселесіне келгенде халықты бөлмеуді сұраймын!» — экономист Дәулет Төлеутайұлы

Төтенше жағдай ары қарай жалғаса берсе, коронавирустан емес, аштан өлетін отбасылар көбейейін деп тұр.

Танымал блогер, қайырымдылық көрсетуде алдына жан салймай жүрген Дәулет Төлеутайұлы Президенттен 42500 теңгені 18 млн қазақстандыққа тең бөліп беруін сұрады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

42500 теігенің мәселесі көтерілгелі қара халықтың сұрағы толастамай, экономистен қарапайым тілде түсіндіріп беруін талап етуде. Дәулет Төлеутайұлы Instagram-парақшасында бірнеше рет тікелей эфирге шығып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда нан алатын ақша таппай отқан қазақтардың қарасы тым көбейіп, әр блогерден ақша сұрап әлек.

Сол себепті блогер осы ақшаны барлық қазақстандыққа бөліп-жармай, теңдей беруін және халықтың жанайқайына құлақ асуын Президенттен сұрап, парақшасына ашық хат жариялады.

«Кешелі бері оқырмандарыма 42500 теңге алуды түсіндіремін миым ашып кетті. Мынандай талаптармен шынымен Мырқымбайлар ғана алады. Бәтималар мына карантинде аштан қалайын деп тұр…

19-ақ миллион халыққа ЖСН бойынша 42500 теңгеден тарата салыңыздаршы. Есесіне биыл болатын халық санағы да автоматты түрде бола салады. Бюджеттен ары кетсе 1.8 млрд.доллар ақша кетеді. Ол ақшаға (95 доллар =42500 тг) шетел асып кете алмаймыз, кредиттерге отсрочка берілгеннен кредит төлемейміз. Тойға кетіп қалмаймыз, қыдырмаймыз. Жейтін ТАМАҚ аламыз! Тамақ аламыз да, соны жеп ҮЙДЕ ОТЫРАМЫЗ!

Менің дайрегім, ватцабым «аш отырмын, балалар аш қалды» деп көмек сұрайтын хаттарға толып кетті. 42500 теңге алмайтын жандардың да ауызы бар емес пе?!

Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұндай төтенше жағдай болмаған. Сол секілді ақшаны да таратып, тарихта болмаған көмекті халыққа жасасаңыз екен! Мен сізге қарапайым халықтың жанайқайын жеткізудемін. Төтенше жағдай ары қарай жалғаса берсе, коронавирустан емес, аштан өлетін отбасылар көбейейін деп тұр. Бұл мәселе жуырда шешілмесе, үй емес НАН (жейтін нан) сұрайтын боламыз…

Осы орайда, бюджеттен (Ұлттық қор) антикризис деп 10 МЛРД доллар бөлгелі жатырсыздар. Соның 1.8 млрд-ын ғана халыққа таратуды сұраймын! Сол кезде ғана сіздің бастаған #bizbirgemiz бастамаңыз шынымен бірге екенімізді көрсетеді. «Біз біргеміз» деген ешқандай клип, музыка керек емес! Халыққа ақша керек. Осы бір қиын-қыстауда 42500 мәселесіне келгенде халықты бөлмеуді сұраймын! Себебі біз бірге емеспіз бе?!», — деп аяқтады ол жазбасын.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.

236 шетел азаматы Қазақстаннан күштеп шығарылды

Полицияның мәліметінше, Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданған.

19 қазаннан бастап дүкендердегі тауардың кемінде 30%-ы отандық өнім болуға тиіс

19 қазаннан бастап Қазақстанда ішкі сауда қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді дүкендерде Қазақстан өнімдеріне сауда сөрелері мен алаңдарының кемінде 30%-ы бөлінуге тиіс.

Қазақстанда алимент төлемеген 1500-ден астам адам іздеуде жүр

Қазақстанда алимент төлемей, іздеуге жарияланған 1500-ден астам адамның тізімі...