12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Асыл қазынамыз қарттарға көмектесейік

Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар жалғыз басты мүгедек әжейге көмектесті.

«Қайрымдылық жасасаң қайырың өзің көресің» деген ұстанымды ұстанған Түркістан қалалық пробация қызметі мүгедек қарт әжейдің үй шаруашылығына көмектесіп келеді. Түркістан қалалық Жастар ресурстық орталығы мен бес сотталған азамат өз еркімен үй шаруасына көмектесіп, отынын жарып, жерін қоқыстан тазалап берді.
«Қыстың қамын жазда ойлағанның зияны жоқ» демекші қысқы отынды отап алуға жалғызбасты қарт кісінің денсаулығы жарамайды. Қарт кісінің жағдайын түсінген пробация қызметі оған қолдау көрсету мақсатында ерікті сотталғандармен бірлесіп, материалдық тұрғыда қолдау білдірді. Қысты күні ошаққа жағатын отынын жарып, үйдің ауласын тазартып, жерін аударып, үй шаруасына қолқабыс етті.

Біздің пробация қызметтінің есебінде тұратын сотталғандар қалада тұратын жағдайы төмен, жалғыз басты, мүгедек жандарға үй шаруасына қолқабыс етіп тұрамыцз. Бұл кісінің үй шаруашылығына көмектесетін балалары болмағандықтан пробация есебінде тұрған ерікті сотталған азаматтарды ертіп барып көмектесіп тұрамыз. Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған сотталғандар да өз еріктерімен барып, ол кісіге көмектесті. Аталған қайырымдылық іс-шарасына пробация есебінде тұрған азаматтарды тартудағы мақсатымыз — оларды қоғамға бейімдеп, жауапкершілікті сезінуге шақыру. Жалпы көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созу ізгі істің үлгісі деп білеміз, — дейді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспектор-психологы әділет аға лейтенанты Ақмарал Ұлықбекқызы.

Қиналған кезінде қамқорлыққа бөлеген Мансия әжей пробация қызметі мен ерікті сотталған азаматтарға ризашылығын білдірді.

Бұл үй менің бақытты күндерімнің естелігі. Қазіргі таңда. үйдің ауыр жұмысын жасауға менің денсаулығым жарамайды. Менің мүгедектігіме алатын жәрдемақым коммуналдық қызметтер мен дәрі-дәрмекке ғана жетеді. Күнделікті азық- түлік пен киім-кешекке ауыспайды. Осыны ескеріп, үнемі материалдық көмек көрсетіп жүрген Түркістан қалалық пробация қызметіне алғысымды айтамын, — деді Мансия әжей.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде жазғы спартакиада

Түзеу мекемесінде сотталғандар арасында көптеген қатысушыларды жинаған дәстүрлі жазғы...

Летняя спартакиада в исправительном учреждении №20 ДУИС по области Абай

В исправительном учреждении прошла традиционная летняя спартакиада, собравшая большое...

ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырды.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы...