12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Астық өңдеушілер Қазақстанда бидай экспортына тыйым салуды сұрады

Қазақстандық астық өңдеушілер бидай экспортына уақытша тыйым салуды сұрады. Мамандардың сөздерінше, бидайды сыртқа сартпас бұрын нан көлемінің өзімізге жеткілікті екенін анықтап алу керек. Мұндай ұсынысқа БҰҰ мәлімдемесі себеп болған. Ұйым өкілдері әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты көп елдерде аштық болуы мүмкін екенін айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

БҰҰ Ресей мен Украинаның әлемдік нарықтың үштен бірін бидаймен қамтамасыз еткенін мәлімдеді. Бүгінгі таңда азық-түлік нарығында тапшылық байқалған. Себебі Украина нанын Азия, Еуропа мен Африка елдері тұтынып келген. Қазір Қара теңіздегі порттарда 4 миллион тонна астық тұр. 

«Бірінші кезекте біздің алдымызда бірнеше экономикалық міндет тұр. Украина мен Молдовадан шыққан азық-түлікті діттеген орнына жеткізуге көмектесуіміз қажет. Өйткені әлемнің әр бөлігіндегі қандай да бір тапшылықтың алдын алғымыз келеді. Бұл – үлкен логистикалық мәселе», – деді транспорт бойынша еурокомиссар Адина-Иоана Вэлян.

Украинада астық көп мөлшерде өндірілмеуі мүмкін. Ал Ресей жаздың соңына дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне астық тасымалына тыйым салған. БҰҰ жағдайдың қиындауы көптеген елдерде аштық пен инфляцияға алып келе ме деп қорқады. Мәселен, ірі экспортерлердің бірі Үндістан өз бидайын сатпау туралы шешім қабылдаған. 

Қазақстан әзірге экспортты жалғастырып келеді. Алайда отандық өндірушілер өзімізге арналған қор туралы ойлану керек дейді.

«Эксопрт көлемі айына 700 мың тоннаға дейін жетті. Бұл Қазақстан үшін үлкен көрсеткіш болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі экспортты квоталау туралы қаулы шығарды. Квотаға сәйкес екі айда миллион тонна астық экспортталуы керек. 15 маусымнан кейін бидайды экспорттауға құқығымыз жоқ, себебі өз елімізді астықсыз қалдырамыз. Әзірге 500 мың тонна етіп қалдырсын, ал қыркүйекте миллион тонна астық болады. Есесіне тамыз айында астықсыз, ұсыз қалмаймыз», – дейді Қазақстан астық өңдеушілер кеңесінің президенті Алихан Талғатбек. 

Мамандар бидай экспорты бойынша еліміз үшін жаңа көкжиектер ашылып келетінін айтады. Қазір Қазақстан бидайы Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан мен Қырғызстанға экспортталады. 

«Жаңа бағыттар Қара теңіз бағытында болмақ, Грузия арқылы экспорттауға болады. Қайда жеткізуге болатынын қарап жатырмыз. Алайда қазір логистика қымбат. Сондықтан Америка секілді нарықпен бәсекеге түсу қиын. Бәсекеге төтеп бере алмаймыз. Мәселен, Поти портына дейін жеткізу 120-150 доллар болады. Яғни бидай бағасы 370-380 доллар, бірақ жартысын тек жеткізу үшін төлейміз», – деп қосты Алихан Талғатбек. 

Алайда сарапшылардың барлығы бидай экспортын тоқтату керек деп санамайды. Себебі бұл жағдайда ұтыламыз дейді. Олар Қазақстанда астық тапшылығы болмайды деп сендірді. Егер жыл сайын көтерілетін мәселені шешсе, бидай барлығына жетеді екен.

«Қазақстан – бидай экспорттаушы. Бұл – біздің бизнес. Бұл мұнай немесе мыс экспортын тоқтатумен бірдей. Экономикамызға үлкен соққы болып тиеді. Көп елдермен қарым-қатынас үзіледі. Барлық уақытта шаруаларға тыңайтқышқа, тұқымдыққа, жанармайға ақша жетпей жатады. Субсидияланған дизель отынын берсе де, көңілі толмайтындар бар», – деді сарапшы Кирилл Павлов.

Болжам бойынша, биыл шаруалар 10 миллион тонна астық жинауы керек. Квота мерзімі ұзартыла ма, әлде жаңа өзгерістер енгізіле ме, әзірге белгісіз. 

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ТІРЕГІ – ЗАҢ

Тəуелсіздік – бір сəттік шешім емес. Ол күн сайын қабылданған заңмен, Парламент мінберінде айтылған жауапты сөзбен, халық алдындағы адал міндетпен қайта-қайта дəлелденіп отыратын тарихи жауапкершілік.

Елордада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi

Астанада Тәуелсіздік күні 18 нәресте дүние есігін ашты.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін салық жеңілдіктері қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнайы салық режимі енгізіледі.

Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды

Жыл соңына таяған сайын көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар арасында қосымша әлеуметтік төлемдер мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналады.

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.