Астанада жатақхана өртенді, зардап шеккендер бар

Астанада жатақханадан өрт шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, бүгін таңда Байқоңыр ауданы Тараз көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанған.

«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел келген кезде шатыр мен 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», — делінген хбарламада.

Өртті сөндіру жұмыстарын ғимараттың жан жағындағы жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатқан. 850 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілген. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.