Астанада жақында жаңа әуежайдың құрылысы басталады 

Көп ұзамай Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз еліміздің инфрақұрылымдық арқауының тағы бір мызғымас тірегі – көлік-логистика саласына баса назар аударуымыз керек. Бұл сала стратегиялық маңызға ие. Біздің аймақтағы барлық елдер де осы бағытқа ден қойып жатыр, сондықтан, бәсеке күшеюде. Теміржол саласының жүк тасымалындағы рөлін ескере отырып, мемлекет жаңа магистральдар мен вокзалдар салуға және оларды жаңғыртуға баса мән беріп отыр, — деді Президент.

Былтыр Достық – Мойынты бағытының екінші желісі және Алматы қаласын айналып өтетін теміржол іске қосылды. Биыл Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал, келесі жылы Бақты – Аягөз теміржолдарының құрылысы аяқталады.

Тоқаев атап өткендей, еліміздегі автокөлік жолдарының сапасын жақсарту міндетін де орындауымыз керек. Былтыр 13 мың шақырым автокөлік жолын жөндеу жұмысы басталды. Оның 6 мың шақырымы қолданысқа берілді.

Мұндай ауқымды жұмыс ел тарихында бірінші рет жасалды. Келесі жылы автокөліктерді өткізу бекеттерін жаңғырту ісі аяқталуы керек. Соңғы бес жылда ел аумағы арқылы автокөлікпен тасымалданатын жүк көлемі екі есе артып, 6 миллион тоннаға жетті. Былтыр автокөлікпен жүк тасымалдаушылардың табысы 1,5 триллион теңге болды. Бұл – теміржол саласындағы кіріспен шамалас көрсеткіш. Осының өзі отандық автокөлік тасымалы саласының әлеуеті зор екенін көрсетеді. Демек, мұндай кәсіпкерлерді барынша қолдау керек, — деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы авиация саласындағы табысымыз да көбейіп келе жатқанын айтты. Елімізде жаңа ұшу бағыттары ашылып жатыр. Толыққанды әуе хабтарын қалыптастыру үшін нақты жұмыс жүргізілуде.

Әрине, осы тұрғыдан алғанда, Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет. Көп ұзамай оның құрылысы басталуы қажет. Әуе кеңістігі арқылы жүк тасымалдайтын арнайы компания құру өте орынды шешім болды деп санаймын. Бұл маңызды қадам халықаралық логистикадағы әлеуетімізді күшейтуге ықпал етері сөзсіз, — деп айтты ол.

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған

Елдегі медицина қызметкерлері санитарлық бетперде тағуға міндеттелді

Алайда бұл талап тек денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне қатысты. Мұндай режим ауруға шалдығу қаупінің жоғары болуына байланысты енгізілген.

Азиада-2026 аяқталды: Қазақстан қандай нәтиже көрсетті? 

Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан спортшылары 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль жеңіп алды.

Елімізде 2,2 млн бала тегін үйірмелер мен секцияларға қатысады 

Қазақстанда балалардың денсаулығы мен сапалы білім алуына жағдай жасау бағытында мектептегі тегін тамақтану, қосымша білім беру және білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.