Астанада ауданның жаңа әкімі тағайындалды

Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада ҚР Президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды.

«Әкім қызметіне Астана қаласы әкімінің аппараты ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шәукентаев келді», — деп жазылған хабарламада.

Ол 2014 жылғы қарашадан бастап Астана қаласының әкімдігінде түрлі лауазымды атқарды: қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б.

Кейінгі жылдары Астана қаласы әкімінің аппараты ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, Астана қаласы әкімінің аппараты ММ басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. 

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.