Астанадағы ақылы тұрақтар: тарифтер өзгере ме?

Астана әкімдігі «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен келісімді бұзып жатыр, тұрақтар қала балансына берілетін болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл процес қай кезеңде және қазіргі уақытта қала тұрғындары тұрақ ақысын қалай төлеп жүр?

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, тұрақтарды қала балансына беру процесі әлі де жүріп жатыр.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісімді бұзу және «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС-ін коммуналдық меншікке беру процесі жүргізіліп жатыр», – деп жауап берді басқарма ресми сауалға.

Жақында әлеуметтік желіде «тұрақтарды өткізу процесіне байланысты енді ақы төлеудің қажеті жоқ» деген сыбыс тараған болатын. Алайда басқарма бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сонымен қатар, тұрақтар қала балансына берілгеннен кейін тариф өзгермейтінін мәлімдеді.

«Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС тұрақтарды коммуналдық меншікке бергенге дейін бұрынғы шарттар негізінде ақылы тұрақтардың жұмысын жалғастыра береді.

Ақылы тұрақтар коммуналдық меншікке өткеннен кейін де олардың жұмыс тәртібі мен тарифі өзгермейді», – деп қосты басқарма.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.