Астана “жеке уақыт белдеуіне“ көше ме? Әкімдік жауабы

Астана әкімдігі қала «меншікті уақыт белдеуіне» көше ме?» деген сауалға жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында ШҚО-ның бірқатар ауданында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетілгенін, бұл тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапқанын мәлімдеді. Министр қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдана алатынын айтты.

Tengrinews.kz елорда «меншікті уақыт белдеуіне» көше ме?» деген сауалмен Астана әкімдігіне жүгінген.

«Жаңа жұмыс кестесіне көшу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ», — деді әкімдік өкілдері ресми сауалға жауап ретінде.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары 24 ақпаннан бастап «меншікті уақыт белдеуіне» көшкені хабарланды.

Енді Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін. Мұндай кесте жұмыс істейтін тұрғындар күндізгі уақытты тиімді пайдалану үшін енгізілген, өйткені аймақта ерте күн шығып, ерте күн батады.

Кейін Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Самара аудандандарының тұрғындары да 5 наурыздан бастап жұмыс күнін бір сағат ерте бастайтын болды.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.